• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Театр 12 Маусым, 2017

Алаш ақынына арналған сабақ

142 рет
көрсетілді

Абай атындағы әмбебап кітапхана жақында  «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында ақын әрі ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы бойынша «Қазақтың ұлы перзенті» атты әдеби танымдық сағатын өткізді.

Шара барысында балаларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айтылып, «Ақындардың сұлтаны» атты бейнефильм ұсынылды. Ақын шығармашылығында елеулі орын алатын «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдары, «Танысу», «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс» поэмалары кеңінен таныстырылып, оқуға, білімге деген құштарлықты арттыратын өлеңдерінен үзінділер оқылды.  №39 орта мектептің 7 «ә» сынып оқушысы Аружан Базанованың орындауындағы «Алтын бесік» әнін қатысушылар зор қошеметпен қабылдады. Ал №35 орта мектептің 6 «б» сынып оқушысы Мадина Жакина ақынның шығармасынан үзінді оқудан ерекшеленіп, көрермен ықыласына ие болды.Ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Қазақтың ұлы перзенті» атты кітап көрмесіне де шолу жасалып, шараға үлесін қосқан өнерпаз балалар алғыс хаттармен марапатталды. Аталмыш шараның соңы халыққа Сұлтанмахмұт Торайғыровтың патриоттық рух беретін «Алаш ұраны» әнімен аяқталды.

Раушан Нұғманбекова

Семей

Суретті түсірген автор