• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Театр 12 Маусым, 2017

"Экспромт" халықтық би театры Халықаралық байқаудың гран-приін жеңіп алды

181 рет
көрсетілді

Алматы қаласында дәстүрлі түрде өткізілетін халықаралық «Күншуақ» би фестиваліне биыл Ресей мен Қырғызстанды қосқанда 140-тан астам өнер ұжымдары қатысып, Солтүстік Қазақстан облысының намысын абыроймен қорғаған "Экспромт" халықтық би театры Гран-приді және жүлделі бірінші, екінші орындарды жеңіп алды.

Жас бишілердің жетекшісі Алена Маринецтің жүрекжарды қуанышына қарағанда, төрт аталым бойынша өз өнерлерін көрсетіп, үшеуінде олжа салған. Қазылар алқасы орындалуы жағынан өте күрделі "Вдохновение" биін жоғары бағалап, Гран приге лайық деп шешкен. 11 мен 13 жас аралығындағы қыздар ұжымы сыннан еш сүрінбей өткен.

«Қарсыластарымыз өте күшті болды. Әсіресе, Астана, Алматы, Орал қалаларынан келген құрбыларымыз өз өнерлерімен таңдай қақтырды», – дейді "Экспромт" халықтық би театрының бишісі Яна Вайц.

Өмір Есқали.

«Егемен Қазақстан».