• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Парламент 23 Маусым, 2017

Сайлау электрондық жүйемен бақыланады

145 рет
көрсетілді

28 маусымда өтетін Парламент Сенатының сайлауына халықаралық ұйымдар мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 288 өкілі байқаушы ретінде қатыспақ. Солардың ішінде Франс-Пресс, Би-Би-Си, Рейтер, Әл-Жазира секілді танымал ақпарат агенттіктері бар.

Сонымен, 28 маусымға бел­гіленген Парламент Сенаты­­ның депутаттарын сайлауға ха­лықаралық ұйымдар мен шет мем­лекеттер­дің байқаушы­ла­рын аккредиттеу аяқталды. Орта­лық сай­лау комиссиясының мү­шесі Марат Сәрсембаевтың мә­лі­метінше, Сыртқы істер ми­нистрлігі сайлауды байқау жө­ніндегі 2 миссиядан, 2 ха­лық­аралық ұйым мен 8 шет мем­ле­кеттен тағы 118 байқаушыны аккре­диттеуді ұсын­ған. Олар­дың ішінде 66-сы – ТМД бай­қау­шылар миссиясынан.  Тарқатып айтсақ, ТМД Пар­ла­мент­аралық Ассам­блея­сы­нан – 13 байқаушы, Шанхай ын­тымақтастық ұйымынан – 12, Бе­ларусь және Ресей одағы Пар­­­ламенттік жиналы­сы­нан – 3, Түркі­тілдес елдердің ын­­тымақтастығы кеңесінен – 10, Түркітілдес елдердің Пар­ламенттік Ассамблеясынан – 5 және 11 шет мемлекеттен 25 бай­қаушы бар. Ал Орталық сайлау коми­с­сия­сы 172 байқау­шыны аккре­дит­теді. Олардың ішінде 106-сы – ТМД Миссиясынан. Халықаралық байқаушылар қата­рында 15 шет мемлекеттің ор­талық сайлау органдарының бас­шылығы, Ресей Мемлекеттік Думасының, Федерал­дық Жи­на­лысы Федерация Кеңесінің жә­не ТМД елдері мен түркітілдес мемлекеттер парла­­м­ент­терінің де­путаттары, Қазақ­стандағы дип­ло­матиялық миссиялардың ел­шілері мен жоғары лауазымды ресми тұлғалар бар.  – Орталық сайлау комис­сия­сының бүгінгі отырысында шетелдік байқау­шылардың мә­се­лесі көтеріл­ді. Ереже бойынша ал­дымен еліміздің Сыртқы істер министрлігі байқаушыларды акредиттеуден өткізіп, тізімді бізге ұсынады. Сайлауға бір күн қалғанда байқаушылардың көбі осында келеді. Олар Астанада ға­на емес, еліміздің басқа да өңір­лерінде сайлаудың әділ әрі та­лапқа сай өтуін бақылайды, – дейді Орталық сайлау комис­сия­­сының мүшесі Марат Сәр­сем­баев. Оның айтуынша, биыл сай­лау процесін өткізуді бақылау үшін алғаш рет электронды жү­йе енгізіліп отыр. Осы жүйе ар­қы­лы тек акредиттеуден өткен бай­қаушылар, журналистер ға­на емес, бүкіл ел тұрғындары дауыс беру үр­дісі барлық заң талаптарына сай өткізіліп жат­қа­нын компьютер арқылы бақылай а­лады. Бұл – демократиялық қо­ғамға тән құбылыс, дейді ол.  Орталық сайлау комиссия­сы­ның отырысын­да күн тәр­ті­бінде қаралған тағы бір мә­селе – Өскемен қалалық мәс­ли­хатының шығып қалған депу­та­ты­­ның орнына сайлауды келісу ту­ралы болды.  «Қазақстан Республи­ка­сын­дағы Сайлау туралы» Заң­ның 101-бабы, 4-тармағына сәй­кес шығып қалған мәслихат де­пу­татының орнына сайлау осы жылғы 30 шілдеге та­ғай­ын­далған. Мұны бірауыздан ма­­құлдағаннан кейін Шығыс Қа­зақ­стан облыстық сайлау комис­сия­сына сайлауға дайындық жә­не оны өткізуге байланыс­ты ұйымдастыру-әдістемелік жұ­мыс­тарды жүргізу тапсырылды.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ, «Егемен Қазақстан»