• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Маусым, 2017

Ақмоланың мәдени күндері басталды

218 рет
көрсетілді

Ақмола облысының Астанадағы мәдени күндері салтанат­ты түрде ашылды. Шараға Ақмола облысының әкімі Мәлік Мыр­залин мен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қа­тысты.

Облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде ЭКСПО-2017 халық­ара­лық көрмесінің аясында өтіп жат­қан мыңдаған шаралардың бірі Ақмоланың мәдени күндері екенін атап өтті. «Біз өзіміздің сан қырлы бай мәдениетімізді, өлкеміздің бірегей дәстүрін Астана жұртшылығына ұсынып жатқанымызға қуаныштымыз», деді әкім. Ол сондай-ақ, Ақмола об­лы­сы ЭСКПО-ға жиылған қо­нақтар легін күтетінін мә­лім­деді. Өйткені, облыс ау­ма­ғын­да еліміздің табиғаты та­­ма­­ша жерлері – Бурабай мен Қорғалжын қорығы бар. Әсі­ре­се, шетелдік қонақтардың осы бір әсем жерлерді аралайтыны сөз­сіз.  Сонымен, Ақмола облы­сы­ның мәдени күндері 20-25 мау­сым аралығын қамтиды. Алғашқы шаралар легі өтіп те үлгерді. Мысалы, «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» гала-кон­церті үлкен аншлагпен өтті. 22-25 маусым аралығында «Қазанат» ипподромында орналасқан «этноауылда» Көк­­шетау қаласы мен Қор­ғал­жын, Бурабай, Шортанды ау­дан­­- дарының шеберлері табиғи ма­териалдардан жасалған бұй­ымдарын сатылымға қояды, оған қоса шеберлік сыныптарын өт­кізеді. Сондай-ақ, осы жерде «Да­ла сыры» концерті өтеді. Жалпы, Ақмола облысының мә­дени күндері аясында көп­ші­лікке «этноауылдың» амфи­те­атрында облыстық орыс дра­ма театры «Шыңғыс хан» рок-операсын, Ш.Құсайынов атын­да­ғы қазақ музыкалық-дра­ма те­атры «Көкше әуендері» кон­це­р­т­­тік бағдарламасын ұсынады. Аталмыш театрлар елордадағы «Жастар» сарайында да бірқатар драмалық туындыларын сахнаға шығармақ. 

 Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан»