• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Маусым, 2017

Жарыстар күнделігі (23.06.2017)

155 рет
көрсетілді

Велоспорт «Astana Pro Team» клубының велошабондозы Жандос Бижігітов  велоспорттан Алматыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының жекелей сынында чемпион атанды. 50 ша­қы­рым қашықтықты ол бір сағат, бір минут 59 секундта жүріп өткен. Бұл Жандос Бижігітовтің Қазақ­стан біріншілігіндегі алғашқы жеңісі. Сонымен қатар, Жандос Бижі­гітовтен 11 және 34 секунд кейін келген Никита Стальнов пен Артем Захаров чемпионаттың күміс және қола медалін иеленді. 

Қазақ күресі 2 шілде күні Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде Қазақстан Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан барысы-2017» финалында көрермендер арасында биыл да көлік ойнатылмақ.   Бұл турнирде жарысқа қаты­сатын балуандар ғана емес, көрер­мендер мен жанкүйерлер де сыйлықсыз қалмайды. «Қазақстан барысының» финалдық бәсекесінде кіру билеттері бойынша «Renault Logan» маркалы автокөлік ойнатылады. Билеттер бағасы 500 теңге мен 5 мың теңге аралығында.  

Бокс  АҚШ-тың Лас-Вегас қаласын­дағы Головкин-Альварес жекпе-жегі Қазақстан уақыты бойынша 17 қыркүйекте өтеді. Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя Геннадий Головкин – Сауль Альварес жекпе-жегінің басталу уақытын атады.  Оның айтуынша, кештің негізгі кездесуі АҚШ уақытымен кешкі сағат 23:00-ден кешікпей басталады. Ал қазақстандық көрермендер бұл жекпе-жекті 17 қыркүйек, яғни, жексенбі күні таңғы сағат 09:00-ден бастап көре алады.  Әзірлеген  Әли БИТӨРЕ, «Егемен Қазақстан»