Олардың дені аудандарда ағылшын тілінен сабақ беріп келіпті. Білім беру саласындағы Ақтөбе облысындағы бақылау департаментінің басшысы Жанна Қайшығұлованың мәлімдеуіне қарағанда облыста мұғалім кадрлер жетеспейді. Соңғы жылдары мектеп бітірушілер арасында ұстаздық мамандықты қалайтын түлектер өте аз. Дәл қазіргі күні облыс аудандарында ең бірінші кезекте орыс тілі пәнінің мұғалімдері жетіспейтіні белгілі болып отыр. Соның біл салдары шығар біз тіпті Байғанин мен Ырғыз аудандарында қазақ тілі пәнінің мүғалімдері орыс тілінен де сабақ бергені жөніндегі деректер тіркелген.
Департамент басшысы «egemen.kz» тілшісіне өткен жылы 80, ал биыл 75 мектепті аттестациядан өткізгендерін айта келіп, оның нәтижесінде екі жүздің үстінде маман жетіспегені анықталғанын атап көрсетті.
Темір Құсайын
Ақтөбе