• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 30 Маусым, 2017

ТМД аумағындағы алғашқы фестиваль

149 рет
көрсетілді

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы контент пен шараларды ұйымдастыру департаментінің директоры Марат Омаров әлемге кеңінен танылған британдық MTV фестивалі ТМД аумағында алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

Бұл шара 18 тамыз күні ЭКСПО көрмесінің амфитеатрында өтпек. Айта кетерлігі, бұл – ресейлік MTV емес, Ұлыбританияның MTV фестивалі. «MTV әлемдік бренді ТМД аймағына алғаш рет келеді. Әртістердің бәрі танымал. Ішінде «Грэмми», тіпті «Оскар» сыйлығын алғандар да бар», дейді М.Омаров. Департамент басшысының айтуынша, фестивальді xалық арасында кеңінен насихаттау жұмысы бір ай бұрын басталады. Сол кезде шараға келетін әрбір әртістің есімі рет-ретімен жарияланады. Ал оны тамашалау үшін бөлек билет алудың қажеті жоқ, көрменің өзіне билет болса болғаны.