• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Шілде, 2017

Астанада шинкиокушинкайдан Әлем чемпионаты басталды

186 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада «Дәулет» спорт кешенінде шинкиокушинкай каратэден 1-2 шілдеде «EXPO 2017» Халықаралық мамандандырылған көрме шеңберінде өтетін VI әлем чемпионатына арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды чемпионаттың баспасөз қызметі.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ельсияр Қанағатов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Бүкіләлемдік шинкиокушинкай каратэ ұйымының президенті Мидори Кенжи, Бүкіләлемдік шинкиокушинкай каратэ ұйымының Вице-президенттері Исао Кобаяши мен Коэн Шарренберг, ҚР Шинкиокушинкай каратэ федерациясының төрағасы Төлеген Мұхаметжанов, VI шинкиокушинкай әлем чемпионаты ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ҚР құрметті жаттықтырушысы Владимир Ким, Республикалық каратэ орталығының директоры (Астана қ.) Қайыртай Сарманов қатысты.  

Австралия, Әзербайжан, Ауғанстан, Болгария, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрияи, Гондурас, Гонконг, Грузия, Дания, Зимбабве, Индонезия, Ирак, Иран, Ирландия, Испания, Канада, Коста-Рика, АҚШ, Уругвай, Чили, Швеция, Шри-Ланка, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, Жапония және т.б. елдерден келген 193 шинкиокушинкай күрескерлері 2 күн ішінде татамиде жекпе-жек өнерінің сан қырын көрсететін болады.

Сонымен қатар, Чемпионат аясында 4-6 шілде аралығында Жақсы-2 жаттықтыру лагерінде (Ақмола облысы, Щучинск қаласы) Каратэ бойынша дүниежүзілік семинар және Дүниежүзілік Каратэ Ұйымының Дан біліктілік емтиханы өтеді.

  Естеріңізге сала кетейік, шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және «Шинкиокушинкай каратэ федерациясы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр. Шинкиокушинкай каратэден VI әлем чемпионатына Дүниежүзілік шинкиокушинкай каратэ федерациясының талаптарына сай іріктеуден өткен Ұлттық федерациялар өкілдері қатысады (World Karate Organization Shinkyokushinkai).

Жарысқа 8 түрлі салмақ дәрежесінде спортшылар қатысады:

еркектер (-65 кг, -75кг, -85 кг, +85 кг),

әйелдер (-50кг, -55 кг, -60 кг, +60 кг).

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АСТАНА