• RUB:
    5.4
  • USD:
    471.83
  • EUR:
    505.66
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Шілде, 2017

Өскеменде «Қазақстан үміті» вело көпкүндігі өтеді

206 рет
көрсетілді

Өскеменде оқушылар арасындағы «Қазақстан үміті» атты республикалық вело көпкүндігі өтеді.

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі балғын шайтан арба шеберлерінің басын қосатын жарыс 9 күнге созылады. Сайысқа Астана, Алматы қалалары мен Қостанай, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен біздің өңірдің жас спортшылары қатысады деп күтілуде.

Білім және ғылым министрлігі мен облыстық әкімдіктің ұйымдастыруымен өтетін спорттық шара барысында жүзден жүйрік шыққандар ел құрамасына алынатын болады.

Азамат Қасым,

«Егемен Қазақстан»

Өскемен