• RUB:
    5.35
  • USD:
    467.29
  • EUR:
    501.03
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Маусым, 2024

Қажылық парызын өтеуге барған 6 адам қаза тапты

1299 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта Сауд Арабиясындағы Мекке қаласында 48 градусқа дейін ыстық болып жатыр. Күннің ыстығынан қасиетті мекенге парызын өтеуге барған 6 адам көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.

Қайтыс болған азаматтардың барлығы да Иордания азаматтары екені анықталды.

Бұл туралы cnn ақпараттық агенттігі хабарлады. Қаза болғандардың туыстары мәліметті растаған.

Иордания мемлекетінің Сыртқы істер министрлігі марқұмдардың мәйітін елге жеткізу бойынша жұмыстарды бастады.