• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Тамыз, 2017

Жаңғыру үдерісіндегі Ассамблеяның үлесі

334 рет
көрсетілді

Павлодар облысы Қа­зақ­стан­ның индус­трия­л­дық ай­мақ­та­ры­ның бірі болып та­бы­лады. сондықтан Ел­басы жариялаған үшінші жаң­ғыру ба­сымдықтары өңір экономикасы дамуы­ның басты бағыттары ре­тін­­де қарастырылады.

Бұл ретте, «Рухани жаң­ғы­ру» бағ­дар­ла­масы үшін­ші жаңғырудың үй­лесімді бө­лігі ре­тінде қарас­ты­рылуы тиіс. Павлодар об­лы­­сының по­ли­этносты тұрғындары мен Қа­зақстан халқы Ассамблеясы үшін бұл ең алдымен жаңа азамат­тық бас­та­­ма­лар­да – бәсе­­­кеге қа­бі­леттілікті, праг­ма­­тиз­мді, білімге ұмтылуды, сана-се­зім ашық­­­тығында аза­мат­тық біре­гей­лікті ны­ғай­туды білдіреді.

Бүгінде елімізде мәде­ни­е­та­ралық бай­ланыстың арқасын­да ұлт­­­тық ерекшелікті сақ­­тау­­­ға, эт­но­с­­аралық қарым-қа­­ты­­нас­­­­тың үй­ле­­сім­ді да­муы­­на, азаматтық және ұлт­­­­тық бірегейлікті қа­лып­­тас­­ты­руға қо­лай­лы жағд­ай­лар жа­сал­­ған. Қазіргі уа­қыт­­­та өңірлерде мемлекеттің ұлт­­тық сая­са­тын жүзеге асыру шеңберінде өтетін әлеу­меттік маңызы зор  мәдени акциялар мен іс-шаралардың бастамашысы әрі қатысушысы болып отырған эт­но­мәдени бірлестіктер белсенді жұмыс ат­қарып отыр.

Мемлекет пен қоғам, сон­дай-­ақ Ассам­блея ынталан­дыра­­тын этномәдени бір­лес­тік­­тер елімізде тұрып жат­­қан әртүрлі этно­стар ара­сын­дағы мәдениетаралық ди­а­­­­лог­­ты, қо­ғам­­дық сананы одан әрі жаң­ғырту үшін қоғам­дық ын­тымақтастық пен келі­сімді сақтау мен дамыту, жаңа мәдени және әлеуметтік негізді нығайтуды көздейді. 

Осы үдерістің маңызды алғы­­­шар­тының бірі ретінде Елба­­сы өзінің «Болашаққа бағ­­дар: рухани жаңғыру» ма­қа­ласында уақыт талабына сәйкес  көпұлтты Қазақ­стан хал­қының бірегей ұлттық мәде­­ни­еті мен дәстүрін сақтау жә­не дамыту қа­жет­ті­лігін айтып өт­кені кездейсоқ емес. Бұл мә­се­леде аза­маттық қо­ғам мен мем­ле­кеттік би­лік инс­ти­туттарының эле­мент­те­рін өзіне байланыстыратын біре­гей ор­га­ны ретінде Қазақстан халқы Ассам­блея­сының рөлі айрықша.

Қазіргі уақытта қазақ­стан­­­­дық қоғам­ның  белсенді қаты­суын талап ететін нақты міндеттер мен бірқатар жобалар белгіленіп отыр. Мәсе­лен,  жалпыұлттық пат­рио­тизмді қалыптастыруға, аза­мат­­тар­дың туған елі­не, ауы­лына, қаласына, өңірі­не деген сүйіс­­пеншілік сезімін арттыруға, жас ұр­пақ­­ты тарих пен мәдениетті құр­мет­теуге бағытталған «Ту­ған жер» жә­­не отандастарымыздың нақ­ты же­тіс­тік­­терін көрсететін, жаңа  Қазақ­­стан­­ды қалыптастыруда аян­­бай еңбек етіп жүр­ген  май­тал­мандарға арнал­ған «Қазақ­стан­дағы 100 жаңа есім» жоба­ла­ры­ның орны бөлек. Осы жобаларды іске асыру шеңберінде Ассамблея және этномәдени бірлес­­тіктер қоғамның ор­тақ мақ­сат­қа бірлесіп же­туін қамтамасыз етеді. Ас­сам­­­­блея­­ның қолдауымен өт­­­кі­зі­летін кон­фере­нция­­­­­­лар, дөң­гелек үстелдер, пікір­­­­­­та­лас алаңшалары талапты және тиім­ді нор­маға, қоғамдық пікірдің  айнасына ай­на­лды.

Елбасы Қазақстан хал­қы Ассам­блея­сы­ның сессия­сын­дағы сөзінде  азаматтық біре­гейлікті нығайту және бірлік пен келі­сімді одан әрі қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. Осы міндетті жүзеге асыру үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа ба­ғыттары – Қоғамдық келісім кеңесі.

Қазіргі уақытта 71 қо­ғам­­дық келісім кеңестері жұ­мыс істейді. Қоғамдық келі­сім кеңесінің отырыстарында өңірдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-эко­номи­калық өмірінің өзекті мәселелері қарас­тырылды. Кеңес өз қызметінде об­лыс­тық ассамблеяның Ақса­қалдар алқасымен және ар­да­­герлер ке­ңестері және этномәдени бір­лестіктерінің ақсақалдарымен бел­сенді әрекеттесуі оң әсерін тигізуде. 

Сондай-ақ, жастарды  жа­ңа қазақ­­стан­дық патриотизм­ге  тәр­биелеу, отбасы құнды­лық­тарын насихаттау жөніндегі жұмыс­қа аналар кеңе­сі белсен­ді қатысуда.

Ассамблея шетелдермен де, со­ның ішін­де Қазақстанда тұрып жатқан этно­с­тар­дың тарихи отандарымен де  достық бай­­ланысты нығайту және ынты­мақ­тас­тықты дамыту бойынша белсенді жұмыс жүр­­гізіп келеді. Осылайша, Қазақстанда бүгінгі күні этнос­тық бірлестік өкілдерін өзде­рі­нің ұлт­тық мәдениетіне және ана тілі­не қаты­с­тыру үшін, сондай-ақ «әралуан­дық­та­ғы бірлік» қа­ғи­дат­тары негі­зінде жал­пы­қа­зақ­стандық мәдениет пен аза­мат­тық бірегейлікті қа­лыптастыру мен дамыту бойынша барлық жағдайлар жасалуда.

Бұл процесс қазақ­стан­дық­тар­дың бә­се­кеге қабілеттігін арт­­ты­руға, бүкіл әлем­ге хал­қымыздың бі­регейлігін, оның саясат, эконо­мика, технология, әлеуметтік жә­не мә­дени сала­лар бойынша же­тіс­тігін көр­се­туге бейімделген жал­­­пықазақстандық сананы жаң­ғы­рту үдерісінің маңызды бөлігі бо­лып табылады.

Тарихи тәжірибе әртүрлі этно­с­тардың даму тәжірибесін өзіне сіңірген тек көп­этносты қоғам ғана әлемдік даму көш­бас­шылары болып табылатынын көрсетеді. Солтүстік Амери­ка, Батыс Еуропа, Қы­тай, Үндістан осындай аймақ­тар болып табылады.

Қазақстанның полиэтнос­тығы елімізді әлем­­дік эконо­ми­ка­лық ке­ңістіктің тех­ноло­гиялық тіз­бесіне енгізу­дің тағы бір жолын ашады.  Ең бас­ты­сы әлемнің әр­түр­лі елі­нен шығып, Қазақстанда  тұрып жат­қандар, сондай-ақ, өзінің тарихи отанда­ры­мен бірлесіп жоғары техно­логиялық өн­­дірістерді дамы­та­тын қа­зақ­стан­дық этностардың ара­сын­да­ғы кә­сіп­керлер әлеуетін тиімді пайдаланған жөн.    

Германия, Польша, Корея сынды елдер  Қазақстанда, соның ішінде Павлодар облысында жаңа жұ­мыс орындарын ашатын, өн­ді­рісті, әлеуметтік қызметті жа­ңа техно­логиялық деңгейге шы­ға­ратын, бірлескен бизнес жа­сай­тын мемлекеттердің қата­рына жа­тады. Сондықтан біз облыстың этно­мәдени бірлестіктерін осындай байланыс түрлерін кеңейтуге бағ­дарлаймыз. Әрине, бұл бір күн­дік жұмыс емес.

Жалпы, қоғамдық сана­ны жаң­ғырту саласында Ас­самблея және этно­мә­де­ни бірлестіктер сынды ұйым­дардың әлеуеті өте зор.

Сейсенбай ЖЕТПІСБАЕВ,  Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі