• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 03 Қазан, 2017

Аграрлық ғылым мен білімнің бірегей шаңырағы

589 рет
көрсетілді

1957 жылы КСРО Министрлер кеңесінің қаулысымен алғаш рет Ақмола жерінде жоғары оқу орнын құру туралы шешім шыққан болатын.

 Сол шешімнің негізінде іргетасы қаланған білім ордасы қазіргі таңда С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық уни­верситеті деген атауға ие. Ал­ғаш құрылғаннан бері арада уақыт озып, талай рет қоғам өзге­ргенімен жүрісінен жаңылмай тө­ртаяғын тең басқан білім ор­да­сы­ның 60 жылдық мерейтойын қа­зан айының 3 күні атап өткелі отыр­мыз. Кеңес Одағы дәуірінде уни­верситетіміз Арқа төсінде ауыл шаруашылығына қажетті ар­найы кадрларды дайындайтын бірден-бір білім шаңырағы болса, тәуелсіздігіміздің жарқын жылдарында республика бойынша аграрлық саладағы ең ірі жоғары оқу орнына айналып отыр. Ал Астанамыздың түпкі та­рихына көз жіберетін болсақ, осы­­нау 60 жылдық тарихы бар уни­­верситетіміз елордамыздағы тұң­­ғыш жоғары оқу орны екендігін мақ­­танышпен айта аламыз. Қа­зір­гі уақытта университеттің 9 фа­ку­льтетінде бакалавриаттың 37, ма­гистратураның 31, докто­ран­ту­раның 19 мамандығы бойынша 11 мыңнан астам студент білім алуда. Сан мыңдаған студентке білім беру үдерісін сапалы түрде жүзеге асыратын профессорлық-оқытушылар құрамының саны 916 адамды құрайды. Олардың 78-і ғылым докторы болса, 28-і PhD докторы, ал 376-сы ғылым кан­дидаты, маман дәрежесіне ие. Осы 60 жылдық тарихында оқу ор­нымыздан ауыл шаруашылығы са­ласы бойынша 65 мыңнан ас­там маман білім алып шықса, бар­лығы дерлік Отанымыздың әр өңірінде белді қызметтер ат­қа­рып жүр. Олардың арасынан көп­теген жетекші ғалымдар, ауы­лшаруашылық өндірісінің ірі ұйымдастырушылары, «Со­ци­а­лис­тік Еңбек Ерлері» мен «Қ­а­зақ­станның Еңбек Ері» елі­­міз­дің қоғам және саяси қай­рат­керлері шыққан.

Өз кезеңінде университет ға­­лымдарының дәлелдемелері не­гі­зін­де Қазақстан астығын экспорт­тау жө­ніндегі тың бастамалар жүзеге асы­рылды. Сол дәйектемелер нә­ти­­жесінде еліміз астық экспорты бойынша әлемде көшбасшы елдердің біріне айналды. Кеңес заманында аса ауқымды жобаның бірі болған тың және тыңайған жерлерді игеру тарихи жобасын іске асыруға ерекше жағдайда атсалысты. Ал қазіргі таңда Қазақстан эко­но­ми­касының аграрлық секто­рын қа­лыптастырып, дамытуға тең­дес­сіз үлес қосып келе жат­қа­нын мақтанышпен айта аламыз. Уни­верситеттің бүгінге дейінгі жү­ріп өткен жолын саралайтын бол­сақ, та­лайғы тың тарихты қай­та­дан жаң­ғыртуымызға болады. Се­бе­бі қандай кезеңде болмасын, елдің дамуы жолындағы қызметі лайықты деңгейде болғанын және өзінің негізгі міндетін абыроймен атқарып, кадрлар даярлаудың түпқазығына айналғанын анық аңғара аламыз. Сонымен бірге елімізде аграрлық ғылым мен білім беру саласын дамытуға барынша үлес қосқанын атап өткім келеді.

Ауыл шаруашылығы сала­сы­ның әлеуетін ескере отырып, Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев өзі­нің «Қазақстанның үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қа­білеттілік» атты Қазақстан хал­қына Жолдауында аграрлық сек­торды экономиканың жаңа көш­басшысына айналдыру жө­нінде міндет қойды. Бұл үшін да­му­дың жаңа инновациялық жо­лына көшуіміз қажет. Қазіргі таң­да республикамыздағы егіс­тік жерлердің 93 %-ы «тәу­екел­ді егіншілік» аймақ­та­рын­да орналасқан, яғни ауыл­ша­руа­шылық өндірісі толығымен ауа райы жағдайына тәуелді. Сол себепті саланың бәсекеге қабі­лет­тілігін және инвестициялық тар­тымдылығын арттыру үшін біз­ге ғылымды озық қарқынмен да­мытуға қол жеткізу керек. Нақ­ты­рақ айтсақ, қуаңшылыққа тө­зім­ді, жоғары сапалы сұрыптар мен жануарлардың өнімді гендік қо­ры, өндірісі жоғары технология­лар қажет. Өкінішке қарай осы міндеттерді шешуге тиіс аг­рарлық ғылым саласы артта қал­ып отыр. Соның бір дәлелі – ауыл­шаруашылық ғылымы әлі де қа­зіргі уақыт сұранысынан қалыс қалған білім мен технологияларға сүйенуде. Біздің есебіміз бойынша, ауыл шаруашылығы саласы ғылыми тұрғыда тиісті деңгейде қамтамасыз етілсе, дәнді дақылдар шығымдылығын 2 есеге, мал шаруашылығы өнімділігін 3-4 есеге арттыруға толық мүмкіндік бар. Егер біз өз өніміміздің бәсе­ке­ге қабілеттілігін қамтамасыз ет­кіміз келсе, онда дамыған ел­дер­дің ғылымды үйлестіру әдіс­т­емелерін біздің жағдайға бей­імдеп, тәжірибеге енгізуіміз керек. Ал сол дамыған елдердің «же­тіс­тік формуласының» сыры не­де? Дамыған елдерде ең бас­тысы ғалымға, оның ғылыми із­денісіне және оған жасалатын қол­айлы жағдайларға, сонымен бірге ғылыми ортаға ерекше назар аударылады. Біздегі жағ­дайға кел­сек бәрі керісінше, яғ­ни ғы­лым­нан гөрі аграрлық ғылыми-зер­т­теу институттары мен жо­ғары оқу орындарын басқару ор­­талықтарын құруға көп көңіл бө­­лінеді. Біздің кемшілігіміз осы. Жүйе­нің мазмұнын өзгертпей, үне­мі сыртқы көрінісін ауыстырып, тек үстеме құрылымдар жа­сақ­­таумен әуестенеміз. Дамы­ған елдердегі қозғаушы күш – ғалым­дар арасындағы бәсекелестік. Өкі­­нішке қарай бұл жағдай бізде мүл­дем жоқ. Әлемдік тәжірибе көр­сетіп отырғандай, бәсекеге қа­білетті мамандарды дайындау мен инновацияларды жасап шы­ға­ру­дың ең оңтайлы үлгісі әрі қыс­қа жолы зерттеу университеті болып табылады. Барлық дамыған елдерде ғылым осы жолмен дамуда. Бізден ерекшелігі, оларда зертхана мен дәрісхана бір алаңда буындас құрылған, яғни зерттеу университетінің құрамына ЖОО, ҒЗИ және тәжірибе ша­руа­­шылықтары біріктірілген. Бұл жүйе оларға көшбасшы ға­лым­дарды студенттік кезден бас­тап дайындауға, ғылыми нә­ти­же­лерді ілеспелі түрде оқу үде­ріс­іне енгізуге және иннова­циялар мен технологиялар транс­фер­тін да­мытудың үздік моделін жү­зе­ге асыруға мүмкіндік береді. Осындай жаңашылдықтың өмір­лік қажеттілігін түсініп, біздің ұжым 2014 жылдан бастап оқу ор­нын зерттеу университетіне кө­шіру жұмыстарын бастады. Біз бұл бағытта аграрлық білім мен ғылым саласында әлемдік деңгейде көшбасшы саналатын Чили, Малайзия, Вьетнам және Қытай елдеріндегі аграрлық білім мен ғылым жүйесін реформалауда оң тәжірибеге ие болған Дэвистегі (АҚШ) Калифорния зерттеу уни­верситетімен серіктестік байланыс орнаттық. Біздің іс жүзіндегі бірлескен алғашқы қадамымыз оқытушыларымызды аталған оқу орнының және әлемдегі басқа да жетекші университеттердің базасында оқытудан, сондай-ақ оларды тағылымдамадан өткізуден басталды. Біз шетелдік профессорлардың тікелей көмегімен және еңбек нарығындағы сұраныстарды ескере отырып, жаңадан 6 білім беру бағдарламасын әзірледік, ал келешекте 62 білім бағдарламасын әзірлеу және енгізу міндеті тұр. Оқыту жүйесінің тәжірибеге ба­ғытталуын күшейттік. Студент­тер­дің өндірістік іс-тәжірибесі 3 айдан 7 айға дейін ұзартылды, ауылшаруашылық мамандықтар бойынша оқу үдерісі жазғы мау­сымға ауыстырылды, яғни ауыл­шаруашылық жұмыстардың маусымымен үйлестірілді. Соңғы жылдары 58 білім беру бағдарламасы үш тілділікке көшірілді. Бұл бағыт бой­ынша 126 оқытушы немесе профессорлық-оқытушылар құ­ра­мының 14 %-ы ағылшын тілінде дәріс береді. Осы бір тың өзгеріске сәйкес ғылыммен айналысатын оқытушылар мен студенттердің саны 2 есе өсіп отыр. Нәтижесінде Web of Science басылымдарында шыққан ғылыми талдамалық ма­қалалар саны 18 есе көбейді. Бұл – ғылыми тәжірибелік бағытқа бет бұр­ғандықтың айқын дәлелі.

Осы бірнеше жылдың өзінде университетке шамамен 1,1 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, жаңа білім мен технологияларды трансферттеу мен бейімдеудің 4 халықаралық орталығы ашылды. Аталған шаралар нәтижесінде оқу орны әлемдік QS рейтингі бойынша дүние жүзінің үздік 800 университеті және QS EECA рейтингі бойынша Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның үздік 200 ЖОО қатарына кірді. Бұл әлемдік деңгейдегі білім мен ғылым саласын жан-жақты ұштастырып отырғандығын айғағы. ҚазАТУ базасында зерттеу университетін құру еліміздің агроөнеркәсіптік ке­ше­нін дамытудың 2017-2021 жыл­дар­ға арналған мем­ле­кеттік бағ­дар­ламасында да қа­рас­ты­рыл­ған. Қа­зіргі таң­да уни­вер­си­теттің даму бағ­дар­ла­масы әзір­ле­ніп, мүдделі министр­лік­тер­дің қол­дауына ие болып отыр. Бағ­дар­ламаны іске асыру­дың іс-ша­ралар жос­пары Ауыл шаруа­шы­лығы ми­нистрінің бұй­рығымен бекітіліп, оны универ­ситет ұжымы жүзеге асы­руға кі­рісіп те кетті. Алдағы уа­қытта осы бағдарламалардың оң нә­ти­же­сін көреміз деген сенім мол.

Енді осы серпінмен қарышты қадам басып, алға ұмтылуымыз қа­жет. Себебі уақыттың талабы осы. «Темірді қызған кезінде соқ» де­мекші, дәл қазір біздің ел үшін аг­рарлық салада ғылым жолын сара жолмен тура жолдан тайдырмай түзу бастаған абзал. Сол себепті біз таңдаған жол кездейсоқ емес, бұл саналы түрдегі қажеттілік және біздің болашағымыз.

Ақылбек КҮРІШБАЕВ,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры