• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қазан, 2017

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді

409 рет
көрсетілді

25-26 қазан күндеріне арналған күн райы

Өткен демалыста бірнеше аймақта ауа-райы жағдайының күрт нашарлауына байланысты дауылдық ескерту хабарланған болатын. Республиканың батысында орналасқан циклон әсерінен солтүстік және батыс облыстарда жаңбыр мен қар жауып жатыр, деп хабарлайды РМК «Қазгидромет» баспасөз қызметі.

Алдағы үш тәулікте жауын-шашын үдеп, соңы қарға ұласады. Циклонның жылжу шамасы бойынша және онымен республиканың солтүстік-шығысына суық атмсофералық фронттармен байланысты, солтүстік, сонан соң және шығыс облыстарында қатты қар жауу, батыста 23-28 м/с жел ұйытқып, кейбір жерлерде боран, көктайғақ болуы мүмкін.

Сонымен бірге Қазақстанның оңтүстігінде, 25 қазанда оңтүстік-шығысында, жауын-шашын болуы мүмкін. Қазірдің өзінде таулы аймақтарда жаңбыр және қар жаууда. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, климаттық нормадан  3-5º С төмен, оңтүстік облыстарда нормаға дейін төмен болады.