Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды тапсырмаларының бірі – ғылым мен инновациялық әлеуетті көтеру. Қоғамды нарық билеген қазіргі кезеңде елімізде жүзеге асырылып жатқан индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын алға жылжытатын бірден-бір күш те осы болса керек.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьЖаһанда бәсекеге қабілетті экономика құру жолында ғылым мен индустрияның бірігуіне, бір-бірін толықтыруға зор қызығушылық байқалып отыр. Осы тұрғыда Қазақстанның ғылыми технологиясы мен инновациясының өсімін қамтамасыз ету үшін жобаларды және жекеменшікті басқару, инфрақұрылымды дамыту іспетті ілкімді мәселелер елордада өткен «Ғылым мен бизнестің интеграциясы технологияны коммерцияландыру құралы ретінде» атты халықаралық форумда талқыланған болатын.
Заң қалай қабылданды?Жалпы, Қазақстанда нарықтық қатынастардың енуімен бірге ғылымның өндірістен ұзақ жылдар бойы ажырап қалғаны рас. Бұл айналып келгенде шаруашылықтың тұралауының бірден-бір себебі болды. Қазіргі кезде осы байланысты жаңа тұрпатта бекіту үшін ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жобаларын бизнеспен бірге жүзеге асыруына ұмтылысы ұлғайып келеді. Осы орайдағы оператор рөлін «Ғылым қоры» АҚ атқарып отыр. Айталық, екі жыл бұрын «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заң қабылданған болатын. «Ғылым қоры» АҚ басшысы Әнуарбек Сұлтанғазиннің айтуынша, бұл заң еліміздегі ғылымды коммерцияландыруға жаңа серпін берді.
Биыл Парламент депутаттарынан құралған жұмыс тобы өңірлерді аралап шыққанда, шалғайдағы Курчатов, Рудный сияқты шағын қалаларда жұмыс істеп жатқан ғалымдар мен кәсіпкерлер аталған заңның қабылдануына ризашылықтарын білдірді. Десе де, Мәжіліс депутаты Бақытжан Әбдірайым осы заңның екі жылда айқындалған кем-кетігі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде қазір арнайы комиссия жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді.
Ал Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов 2009 жылы 4 қыркүйекте отандық ғалымдардың басын қосқан алқалы жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ғылым мен ғылыми-техникалық әріптестікті дамытудың жаңа моделін құруды ұсынғанын, содан кейін біраз жылдар бойы кідіріп келген «Ғылым туралы» заң көптеген жаңашылдығымен 2011 жылы қабылданғанын, сондай-ақ «Ғылым қоры» АҚ-тың дербес қызметін жетілдіру мақсатында оны «Парасат» холдингінен шығару үдерісі жүргізілгенін әңгімеледі. Осыдан кейін ғылыми жобаларды коммерцияландыруда сең қозғалғандай болды. Негізі, ғылымды коммерцияландырудың өзегі – бизнестің қызығушылығын арттыруда. Онсыз бәрі құмға сіңген судай, дейді Б.Жұмағұлов.
Жасанды интеллект жаулайдыБілім және ғылым министрінің орынбасары Асланбек Әмрин бұл салада қордаланып қалған бірқатар мәселені жеткізді. Бүгінде биотехнология, интернет кеңістігі, цифрландыру, жасанды интеллект бағытында айтарлықтай даму жүріп жатқанын, барлық салаға дендей енген жасанды интеллектінің жақын келешекте қарапайымнан күрделі салаға дейін қамтитынын айта келіп, Қазақстанның жұмыссыздық белең алуы мүмкін IV индустриялық жаңғыруға дайын болуы үшін не істеу керек деген сауалға тоқталды. Вице-министрдің қаупінше, тіпті ғылыми қызметкерлердің еңбегі де елеусіз қалуы ықтимал.
«Келешекте бұрын зертханашы айналысқан ақпаратты немесе мәліметтер базасын жинауды нейрожелілер мен роботтар өздігінен үйреніп, жедел әрі шығынсыз атқаратын болады», деді ол. Яғни, ғылымдағы ақпараттарды саралау мен ғылыми зерттеуді жаппай роботтандыру күтіп тұр. Бұл әрине, жұмыс орындарының жоғалуына, төменгі технологиялық өндірістердің қысқаруына алып келмек. Міне, осындай әлемдік үдерістерге қарамастан Қазақстан ғылыми серпілісті ұмытып кеткен сияқты. Өйткені елімізде инновация көрсеткіші төмен, жалған ғылыми басылымдарға мақала шығару белең алып тұр. Мәселен, 2016 жылы халықаралық қауымдастықта 1797 ғылыми патент сатылса, Қазақстанның үлесі бар болғаны 1 млн долларды құрайды. Ал ғылымы алға озған елдердің бұл саладағы табысы орасан. Елімізде ғылым қоғам үшін жабық салаға айналды. Осының барлығы жалпы қаржыландырудың төмендеуіне, халық пен мемлекеттің сенімін жоғалтуға алып келуі мүмкін.
Ғалымдарға қызмет көрсету орталығы ашыладыА.Әмрин осы олқылықты жою үшін министрлік тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталды. Ол қысқа мерзімде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының салалық комитетіне еніп, отандық ғалымдардың биологиялық және ядролық қауіпсіздік саласындағы гранттарға ие бола бастағанын, ғылымды дамыту бойынша барлық үдерістер автоматтандырылып, есеп берудегі құжат айналымы 65 пайызға дейін қысқарғанын айтты. Яғни, ашық болу ғана ғылымды көлеңкеден шығарады. Ғылымды коммерциялауда Қазақстанның әлеуеті жоғары. Айталық, жеке бизнес қазақстандық ғылымға жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін соңғы 2 жылда 4 млрд теңгеден астам қаржы құйған. Бұл бизнестің ғылым алдындағы жауапкершілігін күшейте түседі. Мәселен, қазір Үлбі металлургия зауыты мен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ арасындағы жобаның қаржысы өзін-өзі ақтап, жартысына жуығы жабылды.
Сонымен бірге А.Әмрин министрліктің біртіндеп қолданбалы ғылыми зерттеулерді ағылшын тіліне ауыстыруды, ғылымды цифрландыруды, халықаралық GERN, NSF, NASA, ESF сияқты іргелі ғылыми жобаларға қатысуды, білім беру мен денсаулық сақтау саласында, цифрлы қызмет көрсетуде 3 D принтингте цифрлы технологияға басымдық беруді жоспарлап отырғанын жеткізді. Яғни, ғалымдардың өтінімді онлайн жүйе арқылы тапсырып, нәтижесін де онлайн алуы арқылы екіжақты байланыс та оңайға түседі, ашықтық та орнайды. Айтуынша, 2018 жылы Ұлттық сараптау орталығы базасында ғылымға қызмет көрсету орталығы ашылмақ.
Мұнда барша сервис шоғырланып, шетелдік гранттарға өтінім беру, ғылыми мақалаларды жазу мен жариялау, жобаны коммерцияландыруға маркетингтік қолдау көрсету, терең сараптама жүргізу, ғылыми ақпараттарға қанығу, ІТ жобалар мен жаңа қызмет түрлерін таныстыру жүргізіледі. Орталық қвзметіне арналған портал мен call орталық жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ ғылыми кеңестердің жиыны арнайы жарақтандырылған кабинеттер мен залдарда өткізіледі. Бұл ғылымдағы «бармақ басты, көз қыстыға» жол бермеуге мүмкіндік жасамақ. Министрдің орынбасары айтқан тағы бір мәселе, отандық ғалымдардың ағылшын тілін білмеуі де олардың халықаралық гранттарды иеленуіне кедергі келтіріп отыр. Мәселен, Германия біздің жобаларды қолдауға дайын. Бірақ біздің тіл білмеуіміз бұл істі кешеуілдетіп отыр. Сондықтан ғалымдарымыз заман үдесіне қарай өзгеруі тиіс, деді ол.
Жүзден астам жоба мақұлдандыАл «Ғылым қоры» АҚ жетекшісі Әнуарбек Сұлтанғазиннің айтуынша, жобаларды коммерцияландыруды сараптауды тәуелсіз сарапшылар технологиялық және экономикалық бағытта жүргізеді. Мәселен, технологиялық сараптау барысында жобаның өзектілігі, ғылыми-техникалық әлеуеті, коммерцияландыруға дайындығы, техникалық және өндірістік тәуекелінің бағалануы ескеріледі. Ал экономикалық саралауда маркетингтік зерттеу, экономикалық көрсеткіш, жүзеге асырудың қаржылық жоспары мен тең қаржыландырудың болуы сараланады. Гранттың ең жоғары сомасы үш жылға дейінгі уақытпен 300 млн теңгеге дейін берілсе, биыл Ұлттық ғылыми кеңес жалпы сомасы 16,6 млрд теңгені құрайтын 78 жобаны мақұлдаған. Мұның ішінде бизнестің бөлген қаржысы 2 млрд теңгені, яғни 12 пайызды құрайды. Соңғы екі жылда барлығы 109 жоба мақұлдаудан өткен екен. Оның алғашқы бөлігі негізінен тағам өнімдері өндірісіне бағытталса, одан кейінгі орында қалдықтарды жинау, өңдеу және жою тұр. Ал кейін бұл тізім металлургиялық өнеркәсіп, электр құрал-жабдықтары, дәрі-дәрмек өндірісімен жалғасқан. Биылғы байқауда табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалануға арналған жобалар үздік шықты.
Өндіріс өзегіне айналған өнімдерОсы орайда форум аясында ұйымдастырылған көрмеде грантқа ие болған жобалармен танысқан едік. Мәселен, Қарағанды қаласында орналасқан «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі фитопрепараттар мен фитошайлар жасаумен шұғылданады. Бұл кәсіпорын «Ғылым қоры» АҚ-пен 2 жылдан бері иммунды жүйені күшейтетін заттар мен препараттардың жаңа түрлерін шығару бойынша жұмыс істеп келе жатыр. Қазіргі кезде холдинг «Арглабин» препаратының тәжірибелік үлгілерін алып, емханаға дейінгі зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Келер жылы емханалық зерттеуден өткені туралы тіркеу куәлігін алған соң аталған дәрілік препарат сериялы түрде өндіріле бастайды.
– Елімізде қоршаған ортаның жағдайы нашар болғандықтан адамдардың иммундық жүйесі төмен, жиі ауырады. Сондықтан адамдардың иммунитетін көтеруге арналған препарат шығардық. Бұл эндемикалық өсімдіктер қатарындағы тықыр жусаннан алынатын экологиялық таза өнім. Арқа жерінде ғана өсетін өсімдікті біз 1,5 мың гектар жерге егіп отырмыз. Соның нәтижесінде иммунтүрлендіруші табиғи қосынды алынады. Бұл кәсіпорын сонымен бірге табиғи өсімдіктер негізінде фитошайдың 18 түрін тіркеуден өткізсе, оның бірі ағзадағы холестерин құрамын төмендетуге, бірі паразиттерге қарсы, тағы бірі спортшылар үшін бұлшық етті шынықтыруға көмектеседі және жүрек, асқазан сияқты көптеген ауруларға қарсы ішуге болады, – дейді холдинг өкілі.
Ал инновациялық технологиялар бойынша түйе мен бие сүтінің ұнтағынан лактоферин өндірісін ұйымдастыру жобасының жетекшісі Әсия Серікбаеваның айтуынша, Үкіметтің Дүниежүзілік даму банкінің қаржысы арқылы отандық ғылыми жобаларды қаржыландыруы мен ынталандыруы айтарлықтай жақсарып келеді.
– Біздің жобаның мақсаты – түйе мен бие сүтінің құрамындағы емдік қасиеті бар ақуыз – лактоферинді бөліп алып фармацевтика мен балалар тағамында қолдану. Бұл елімізде дамымаған, оның үстіне ана сүтіне ұқсас балалар тағамы жоқ. Аталған ақуыздың микробқа және улы затқа, ісік ауруына қарсы қолдануға болатын қасиеттерін шетелдік ғалымдар зерттеді. Біз де түйе сүтінің құрамын 25 жыл бойы зерттеп келеміз. Бүгінде түйе түлігі көптеп өсіріле бастады, оның сүті дәстүрлі шұбат өндірісіне қолданылады. Ал шетелде азын-аулақ бас малы болса да, оның өнімін саудалау тұрақты жолға қойылған. Шұбат тез бұзылып кететіндіктен оған жарамайды. Түйе мен бие сүті құрамындағы ақуыз сиыр сүтіне қарағанда 10 есе көп. Сондықтан шикізат базамыз жеткілікті, – дейді ол.
Қазір осы ақуызды алу жолдарын зертханалық тәжірибе жүзінде зерттеу мақсатында құрал-жабдықтар сатып алуға өтінім берілген екен. Бұл жобаның өндірістік орны Жамбыл облысының Бауыржан Момышұлы ауылында орналаспақ. Осы ауылдағы бос тұрған ғимаратты үш жылға жалға алып, оны талапқа сай жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр. Биыл алғашқы жыл жұмыс істеп жатқан жобаның ұйымдастырушылары екі жылдан кейін өнімді нарыққа шығармақ. Оған әлемде сұраныс үлкен. Жалпы, түйе сүтінің 10 пайызы ғана ұнтаққа айналса, осы ұнтақта лактоферин мөлшері 0,3 пайызды құрайды. Яғни, 1 тонна сүттен 100 грамм ғана лактоферин алуға болады. Бірақ өте белсенді зат болғандықтан дәрі-дәрмек өндірісінде оның үлесі өте үлкен көрінеді.
Міне, көрмедегі осы іспетті көптеген пайдалы жобаларды көре келіп, отандық ғылымды коммерцияландыруға жасалған қадамның оң екеніне көз жеткізе түсуге болады.
Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»