• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2010

ЕЛ БОЛАШАҒЫ БІРЛІКТЕ

1868 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблея­сының мүшесі ретінде мен былтыр тағы да еліміз үшін аса маңызды саяси оқиға – ҚХА-ның ХV сес­сиясына қатысу құрметіне ие бол­дым. Мемлекет басшысы, жалпы­ұлттық көшбасшымыз Н.Ә.Назар­баев­тың ауқымды және мағыналы баяндамасынан ұмытылмастай әсер алдым. Сессияда Қазақстан Республи­касының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің мем­лекеттік ұлттық саясаты ая­сын­дағы жаңа стратегиялық құжат – Қазақстанның ел бірлігі док­тринасының жобасын жариялады, этносаралық және конфессия­аралық қатынастар бойынша мемлекет пен қоғамның біртұтас іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу қажеттілігін атап көрсете отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясын сапалы жаңа деңгейге көтеретін осы құжат туралы өзінің ой-пікірін білдірді. Этномәдени бірлестіктердің жұмысына жаңа ғылыми көзқарас, әлемдік қауымдастық алдында этносааралық және конфессия­аралық келісім бойынша қазақ­стандық тәжірибені сақтап қалу мен ұлғайта түсудің маңыздылығы туралы сессияға қатысушылар мен қонақтардың айтқан пікірлері көпшіліктің көңілінен шығып отырды. Мұның барлығы біздің көшбасшымыз, еліміз, миллион­даған қазақстандық еңбек сіңіріп отырған ісіміз үшін мақтаныш сезімін тудырып, ерекше көңіл-күйдің пайда болуына ықпал етті. Ұлтаралық қатынастар аясын­дағы еліміздің оңды тәжірибесіне, Қазақстан халқы Ассамблеясының табысты қызметіне бүгінгі күні әлемнің көптеген елдері үлкен қызығушылықпен және құрметпен қарап отырғандығы, ал Ел бірлігі доктринасының іске асырыла бастауы этносаралық келісімнің қазақстандық моделін нығайта түсетіндігі сөзсіз. Еліміздегі ұлтаралық қатынас­тар – қоғамдағы төзімділіктің үлгісі және саяси тұрақтылықтың кепілі. Бүкіл Қазақстан халқы сияқты жамбылдықтар да Еуразия­ның жүрегі – Астанада бой көтерген, Қазақстан халқының гүлденуі мен бірлігінің жаңа дәуі­рін білдіріп тұрған “Қазақ елі” монументін үлкен серпіліспен қабылдады. Тарихи себептерге байланысты Жамбыл облысында да көптеген этностар тұрып жатыр. Тағдыр тәл­кегімен және әртүрлі себеп­термен біздің жерімізге ежелден көптеген этнос өкілдері қоныс тепті. Өмірдің кешегі қиын-қыстау күндерін бастан өткеріп, күнде­лікті күйбең тіршілік пен қуа­нышты сәттерді бірге бөлісіп, об­лысымызда әртүрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Бүгінгі күні миллионнан астам тұрғыны бар облысымызда 30 этномәдени бірлестікке біріккен 80-нен астам ұлттың өкілдері тұрады. Этностық бағыттағы қоғамдық бірлестіктер өздерінің жұмысын Қазақстан этностарының рухани-мәдени және азаматтық бірлігін ескере, қазақ халқының мәдениеті мен мемлекеттік тілге басымдық бере отырып жүргізіп келеді. Біз өзіміздің саяси тұрақтылығы­мыз­ды, этносаралық және конфессия­аралық толеранттылығымызды мақтан тұтамыз. Бұл – біздің басты жеңісіміз, ол өзінен өзі келген жоқ. Барлық этностардың мәдениетін, дәстүрлері мен үрдістерін сақтап қалу мен дамыту, ана тілін үйрену үшін барлық жағдайлар жасалған. Мәдениет онкүндіктері, этнос күндері, фестивальдер, конкурс­тар, ғылыми-практикалық және ғы­лыми-теориялық конферен­циялар, жаңа кітаптардың тұсау­кесері, көрмелер, дөңгелек үстел­дер, жастар акциялары және шы­ғармашылық есеп беру концерт­тері, мерекелік достық шерулері, спорттық жарыстар мен танымдық викториналар сияқты іс-шаралар этносаралық қатынастарды үй­лес­тіруге бағытталған. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының және этномә­дени бірлестіктердің қызметін қам­тамасыз ету үшін облыс бюд­жетінен қомақты қаражат бөліну­де. Тек соңғы төрт жылдың ішінде қаржыландыру 3,4 есеге өсіп, өткен жылы 25,5 млн. теңгені құрады. Ассамблеяның жергілікті хатшы­лығына қосымша штаттық бірлік­тер бөлініп, Достық үйінің ма­териалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайтылды. Ел Президентінің тапсырма­сын орындай отырып, үш этно­мәдени бірлестік өткен жылы мем­лекеттік әлеуметтік тапсы­рыс­ты іске асыру жөніндегі конкурсқа қатысып, гранттар жеңіп алды, бұл олардың практикалық қызметіне үлкен материалдық көмек болды. Облыстық деңгейде мемле­кеттік құрылымдар, этнобірлестік­тер, саяси партиялар және үкі­меттік емес ұйымдар өкілдерімен ұдайы кездесулер өткізу жүйесі орныққан. Этномәдени бірлес­тіктер өкілдері облыс, аудандар, Тараз қаласы әкімдіктері жа­нын­дағы комиссия­лар мен кон­сультативтік-кеңесші органдардың құрамына енгізілген ең өзекті мәселелерді қарауға қатысты­рылады. Барлық ауылдық округтердің елді мекендері қамтыла отырып, әрбір нақты аймақтың, түрлі этностар шоғырланған жерлердің ерекшеліктері ескеріле отырып, мемлекеттік орган­дар мен қо­ғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимыл жоспары әзірленіп, іске асырылуда. “Нұр Отан” халықтық-демо­кратиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалымен, Жамбыл облыстық ішкі істер және әділет департаменттерімен, білім бөлі­мімен, “Ақ көгершін” жастар орталығы” қоғамдық бірлестігімен, алыс және жақын шетелдердің халықаралық мүгедектер қоғамы­мен, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесімен, орталықтандырылған кітапхана жүйесімен және басқа да мекемелермен этносаралық қа­тынастар саласындағы өзара іс-қимылдарды нығайту бойынша бірлескен жоспарлар іске асы­рылуда. Мемлекеттік ұлттық саясатты, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” атты Қазақстан халқына Жолдауын, 2009 жылға арналған Үкіметтің Іс-қимыл жоспарын (Жол картасын), Қазақстанның ел бірлігі доктринасының жобасын түсіндіру мен насихаттауды қам­тамасыз ету бойынша облысы­мыз­да пәрменді шаралар қабылдануда. Ақпараттық-насихаттық топ­тардың құрамына облыстық Қа­зақстан халқы Ассамблеясы кеңе­сінің мүшелері, облыс басшылары, беделді қоғамдық пікір көшбас­шылары, әртүрлі этностар өкілдері мен жастар енгізілген. Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, жастар, саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар, ғылыми-сараптық топтың мүшелері, үкі­меттік емес ұйымдар және бұқа­ра­лық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясының қорытындыларын талқылау ұйым­дастырылды. Барлық этномәдени бірлестік­терде Ел бірлігі доктринасын тал­қылау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен осын­дай кездесулер өткізілді. Облыстық те­ледидарда Қазақстан халқы Ассам­блеясының ХV сессиясының жұмысына қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Достық үйінде облыстық Ассамблея хат­шылығы тілдерді дамыту басқар­масымен бірлесе отырып этно­мәдени бірлестіктер басшылары­ның қатысуымен мемлекеттік тілді оқыту мәселелері бойынша “Мем­лекеттік тіл – қазақстандық­тар­дың негізгі игіліктерінің бірі” та­қы­рыбында семинар-тренинг өткізді. Елбасының ХV сессияда алға қойған міндеттеріне сәйкес қа­зақстандық қоғамды біріктіруші факторлардың бірі ретінде мемле­кеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оны кеңінен түсіндіріп тарату бойынша облыстық Ассам­блея мақсатты түсіндіру жұмысын белсенді жүргізіп отыр. Осы мақ­сатта этномәдени бірлестіктер мем­лекеттік және ана тілдерін бі­луге арналған әртүрлі конкурстар, мерекелер, викториналар, оқыр­мандар конференцияларын, сту­денттермен және оқушылармен кездесулер өткізуді. Мысалы, об­лыстық ҚХА М.Әуезов атындағы кітапханамен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесі шеңберінде “Менің республикамның тілі”, №5 кітапханада “Мемлекеттік тіл – бірліктің бастауы” іс-шараларын өткізді. Достық үйінде өткізілген Қазақстан Республикасы халықта­рының тілі мерекесіне әртүрлі этнос өкілдерінен құралған 80-нен астам адам қатысты. Мұнда ана тілі мұғалімдеріне, өз ана тілде­рімен бірге, мемлекеттік тілді меңгерген балабақша бүлдіршін­деріне, сту­дент­тер мен оқу­шыларға құрмет көр­сетілді. Тілдер мерекесі шең­бе­рін­де этномәдени бірлестіктер жал­пыға бірдей білім беретін мек­теп­термен, жоғары оқу орындарымен, кәсіпорындармен және ұйым­дармен бірлесе отырып осындай іс-шаралар өткізді. Мы­салы, қазақ, орыс, татар-башқұрт, ұйғыр, дүн­ген, украин, корей, түрік этномә­дени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен Абай оқулары өткі­зіліп, Мария Дубейко, Наталья Штомпель, Динара Нұралиева жеңімпаз болды. “Әулие Ата” қазақ мәдени орталығының белсенділері Тараз мемлекеттік мемлекеттік педаго­гикалық институтымен бірлесе отырып, қазақ әдебиетінің клас­сиктері Абай Құнанбаев пен Жам­был Жабаевтың шығармашы­лығына арналған облыстық поэзия фестивальдерін, Мұқағали Мақа­таевтың шығармалары бойынша конкурстар, Абай оқуларын, мемлекеттік тілді білу бойынша олимпиадалар мен басқа да көп­теген іс-шаралар өткізіліп, оларға әртүрлі этнос өкілдері қатысты. Облыста тілдерді дамыту бағдарламасы әзірленіп, табысты іске асырылуда. Тілді оқыту курстары, мектептер ашылып жұ­мыс істеуде, семинар-тренингтер, конкурстар, фестивальдер, бай­қаулар ұйымдастырылуда. Ана тілдерін оқып-үйренгісі келген ересектер мен балаларға арналған түрік, корей, грек, поляк, татар, неміс тілдерін оқыту курстары ұй­ымдастырылған. Мысалы, неміс­тер қоғамы жалпыға бірдей білім беретін мектептердің неміс тілі мұғалімдеріне арналған “Көпші­лік­ке арналған мәдени іс-шаралар ұйымдастыру” атты облыстық семинар, ал тіл үйірмелерінің же­тек­шілері мен өздерінің активіне арнап этнотәрбие бойынша се­минар өткізді. Сондай-ақ осы қоғам неміс тілін жеделдетіп оқыту курсын, жаздық лингвистикалық лагерь ұйымдастырған. Орыстар қауымдастығы жыл сайын ұлы ақындардың ескерткіштерінің жа­нына жүздеген орыс шығарма­шылығына қызығушылар мен талантына бас иетіндерді жинай отырып, жастар арасында Пушкин және Есенин оқуларын өткізіп келеді. Жекелеген этнос өкілдері шо­ғырланып тұратын жерлерде “Мем­лекеттік тілді оқыту орта­лығы” МКҚК-ның филиалы арқылы сыныптар ашылған, қа­жетті тех­никалармен жабдықта­лып, педагог­тар бөлінді. Мысалы, тек Қордай ауданындағы дүнген­дер көп тұ­ратын ауылдарда 7 сынып ашылып, 11 педагог жұмыс істейді, мем­лекеттік тілді оқыту курстарына 400-ден астам адам қатысуда. Облыстық Ассамблея этнос­аралық қатынастарды үйлестіру, Қазақстан этностары арасындағы төзімділік пен сенімді нығайту бойынша тұрақты түрде белсенді жұмыстар жүргізуде. Көптілділік қалыптасуда, бұл ретте этнос­аралық қарым-қатынас тілі ретінде мемлекеттік және ресми тілдердің әрі қарай дамуына нақты мүм­кіндіктер туып отыр. Облыс әкімінің мемлекеттік тілді жетік меңгерген әртүрлі этнос­тардың жастарымен және олим­пиада жеңімпаздарымен кездесу өткізіп тұруы жақсы дәстүрге ай­нал­ды. Мемлекеттік тілді наси­хат­тау мен кеңінен тарату мақсатында үстіміздегі жылы Тараз қаласында “Қазақстан – Отаным менің, ана тілім – мақ­танышым менің” де­визімен өткен VІ халық­аралық олимпиадаға қатысушы­лармен Достық үйінде кездесу ұйым­дас­тырылды. Облыс­тық Ас­сам­блея мен Тараз қала­сындағы орталық­тандырылған кітапханалар жүйе­сінің бірлескен келісіміне сәйкес, “Жамбыл облы­сы Қазақ­стан халқы Ассамблея­сының де­позитарлық кітапхана­сын” ашу бойынша жұмыс жүр­гізіле бастады, мұнда Қазақстан халқының тарихы, мә­дениеті, дәстүрлері мен үрдістері туралы мәлімет беретін сирек кездесетін кітаптар жинау жұмысы жүр­гізілуде. Облыстық ҚХА хатшылығы Қазақстанның ел бірлігі док­тринасының жобасын талқылауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жиынтығын әзірлеп, ұсыныстар мен ескертулер жинақ­тауда, этнобірлестіктердің көш­басшыларын тұрғылықты жерлер­де адамдармен жеке жұмыс жүр­гізуді ұйымдастыруға, өмірлік тә­жірибені, ардагерлердің, мұғалім­дердің, дә­рігерлердің, ресми емес көшбас­шылардың, дін өкілдерінің беделі мен ықпалын кеңінен қолдануға бағыттап отырады. Бүгінгі күнге келіп түскен ой-пікірлер Қазақстанның ел бірлігі доктринасын мемлекеттік ұлттық саясаттың және біздің ұлттық идея­мыздың маңызды қағидасы деп ес­еп­теп, оны жан-жақты қол­дап отыр. Надежда НЕСТЕРОВА, Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі. Жамбыл облысы.