• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Мамыр, 2018

«Қазығұрттың басында кеме қалған...» (тарих)

24571 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақа­ла­сының аясында жасалған Қазақстанның киелі орын­дарының географиясына «Ерекше қорғалатын табиғи мұра ескерткіштері» жо­басына Қазығұрт тауының енгізілгені құптарлық іс. 

      G M T     Определить язык Азербайджанский Албанский Английский Арабский Армянский Африкаанс Баскский Белорусский Бенгальский Бирманский Болгарский Боснийский Валлийский Венгерский Вьетнамский Галисийский Греческий Грузинский Гуджарати Датский Зулу Иврит Игбо Идиш Индонезийский Ирландский Исландский Испанский Итальянский Йоруба Казахский Каннада Каталанский Китайский (Упр) Китайский (Трад) Корейский Креольский (Гаити) Кхмерский Лаосский Латинский Латышский Литовский Македонский Малагасийский Малайский Малайялам Мальтийский Маори Маратхи Монгольский Немецкий Непали Нидерландский Норвежский Панджаби Персидский Польский Португальский Румынский Русский Себуанский Сербский Сесото Сингальский Словацкий Словенский Сомали Суахили Суданский Тагальский Таджикский Тайский Тамильский Телугу Турецкий Узбекский Украинский Урду Финский Французский Хауса Хинди Хмонг Хорватский Чева Чешский Шведский Эсперанто Эстонский Яванский Японский   Азербайджанский Албанский Английский Арабский Армянский Африкаанс Баскский Белорусский Бенгальский Бирманский Болгарский Боснийский Валлийский Венгерский Вьетнамский Галисийский Греческий Грузинский Гуджарати Датский Зулу Иврит Игбо Идиш Индонезийский Ирландский Исландский Испанский Итальянский Йоруба Казахский Каннада Каталанский Китайский (Упр) Китайский (Трад) Корейский Креольский (Гаити) Кхмерский Лаосский Латинский Латышский Литовский Македонский Малагасийский Малайский Малайялам Мальтийский Маори Маратхи Монгольский Немецкий Непали Нидерландский Норвежский Панджаби Персидский Польский Португальский Румынский Русский Себуанский Сербский Сесото Сингальский Словацкий Словенский Сомали Суахили Суданский Тагальский Таджикский Тайский Тамильский Телугу Турецкий Узбекский Украинский Урду Финский Французский Хауса Хинди Хмонг Хорватский Чева Чешский Шведский Эсперанто Эстонский Яванский Японский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Мұндай бас­­тамалардың жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде, са­лт-дәстүрлерімізді жалғастыруда, ата тарихымызды қас­терл­еу­де, ана тіліміздің қадірін білуде маңызы орасан зор.

Қазығұрт туралы жазған қа­лам­­­герлеріміз «Қазығұрт – адам­зат­тың бесігі» деген сөз тір­кес­терін жиі қолданатын болып жүр. Әлбетте, адамзат тарихын зерт­теген оқымыстылардың көп­ші­лігі «Азия – адамзат бесігі» деп тия­нақ шығарғаны бекер емес. XX ға­сырдың басында Орта Азия­­да бол­ған француз ғалымы Джозеф Кас­таньенің жазбаларына қара­ған­да, Сырдария бойындағы Қор­қыт ата мазарына жақын жерде Адам ата­ның мазары болған, оны ХIX ғасырдың орта шенінде су шайып кеткен.

Қазығұрт туралы «Қазығұрттың ба­сында кеме қалған, ол әулие бол­ма­са, неге қалған?..», деп бас­та­латын жырдың бар екенін кім біл­мейді? Осы Қазығұрт тауына бай­ланысты болуы мүмкін бір тосын деректі араб оқымыстысының ең­бегінен кездестірдік.

738 – 819 (не 821) жылдары өмір сүрген мұсылман тарихының біл­гірі, оқымысты Хишам ибн Мухаммад ал-Калби «Китаб ал-Аснам» («Пұттар туралы кітап») де­ген еңбегінде былай деп жазып­ты: «Пұттарға табыну Адам ға­лай­ки-с-салам қайтыс болғанда бас­талған, Шиш ибн Адамның бала­ла­ры (Адам атаның немерелері,  – Н.Б) оны Хинд өлкесіндегі тауға жер­ле­ді. Тау Науз деп аталады және ол жер бетіндегі ең құнарлы тау».

Географиялық карталардан байқалып тұрғандай, Гиндукуш (Хинд) тауларының сілемдері Памир тауына ұласып, оның ше­ті қазіргі Қазығұртқа тіреледі. Кітап­тың түсіндірмелерінде жоға­рыда атал­ған тау Рахун таулары, кейде Нуд деп аталатыны жазылып, үш түр­­лі: Науд, Науз, Бауз жазылымы (орфо­графиясы) бар екендігіне сіл­те­ме жасалған. Орта ғасырларда араб тіліндегі кітаптар қолжазбадан қолжазбаға көшірілгенін еске алсақ, Науз дегені Бауз болып та таң­баланғанын, сондай-ақ араб тілінде н, б, х әріптері сөз ба­сын­­да ұқсас екенін еске алсақ, бұл атау түпнұсқада Һауз (Хауз) бо­­лып қалу ықтимал деген ой кел­мей қоймайды. Сонда араб та­рих­шысының айтып отырғаны Қа­зығұрт (Һаузқұрт) тауы болып шы­ғады.

Тағы бір Джозеф, англиялық атақ­ты ғалым (ұлты – шотланд) Джозеф Фрезер (1854-1941) өзінің он екі томдық әйгілі «Алтын тамыр» деген зерттеу еңбегінде жер-жаһанды су басқанда Нұх пай­­ғамбар кемесіне он сегіз мың ға­ламнан – жануарлар мен өсім­дік­терді жұп-жұптан салып ал­ға­нын, сон­дай-ақ кемеде адамзатынан Нұх пайғамбар және әйелі, үш ұлы және үш келіні болғанын жазады. Кемедегі олардың бөлмесінің орта­сына Адам атаның сүйегі салын­ған биік табыт орналастырылып (ас­тын сызған, – Н.Б.), ол ер кісілер мен әйелдерді бөліп тұрған.

Киелі кітаптардағы деректер­ге қарағанда, Нұх пайғамбар Адам атаның тоғызыншы ұрпа­ғы. Адам атаның жаралған кү­ні мен Нұх пайғамбардың туыл­ған күнінің арасы 1056 жыл. Оқымыс­ты­лар­дың зерттеулерінде бұл сан бір­келкі емес. Тіпті тым алшақ бо­лып ке­тетіні де бар. Сондай-ақ Адам ата­ның жаралған күні тура­лы мә­ліметтер де әртүрлі. Ға­лым­дар­дың көпшілігі 6100 жылдың төңі­ре­г­інде деп топшылайды.

Нұх пайғамбардың кемесіне қай­та оралайық. Хишам ибн Муха­ммад ал-Калби айтқан Науз Қазығұрт тауы болса, кеме осы жер­де жасалған болып шығады. Оған дәлел топан су басталғанда Нұх пайғамбар Қазығұртта жерлен­ген Адам атаның сүйегін кемеге салып алғаны болып тұр.

Енді кемеге байланысты үш сөз­ге көңіл бұрайық. Кеме гофер де­ген ағаштан жасалыпты. Мұның ас­та­рынан көпір сөзінің (ағаш кө­пір) түпкі тегі қылаң береді. Нұх пай­ғамбар «су қайтқан жер бар ма екен» деп қарғаны барлауға жі­береді. Қарға су қайтқан бір жер­дегі өлексені жеп қайтпай қоя­ды. Қазақша айтқанда, бұл құс қарғалған құс болып тұр. Со­сын Нұх пайғамбар көгершінді жі­бе­реді. Көгершін жер бетіне шы­ғып бір көктеп тұрған ағаштың (зәй­түн ағашының) жапырағын аузына тістеп алып келеді. Сөйтіп  жапырақ тістеген көгершін әлем ха­лықтарында бейбітшіліктің бел­гісі болып қалғаны белгілі. Осы жерде көгершін сөзінің шығу те­гі менмұндалайды. Көгершін көк (көгерген, көгеріп көрінген) жа­пы­рақты алып келген құс. Шін, үн­дес­тік заңы бойынша шын жұр­нағымен жа­салған құс атау­лары түркі ті­лін­де кездеседі – қазақ тілінде: ла­шын (құс), қырғыз тілінде: барчын (бүркіттер тобындағы құс). Сөз орайы келгенде қосымшалап қоя­йық, «Алпамыс» жырындағы Ал­памыстың жары Гүлбаршынның бар­шыны осы құс. Ана тіліміздегі осын­дай сөздер қазақ тілінің көне за­­мандардан бері келе жатқан бай­ыр­ғы тіл екендігін айғақтап тұр.

 

Назарбек БАЙЖІГІТОВ,

журналист

Қырғыз Республикасы,

Бішкек қаласы

Соңғы жаңалықтар