• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Маусым, 2018

Оңтүстікте «Елбасының Жарлығы - өңірдің өркендеуі» атты жиын өтті

422 рет
көрсетілді

Оңтүстікте бөліну жолымен құрылған аудандарда «Елбасының Жарлығы - өңірдің өркендеуі» атты салтанатты шара өтті.

Мақтаарал ауданындағы «Алпамыс батыр» атындағы орталық стадионында өткен шара өңірдің тарихынан сыр шертетін театрландырылған қойылыммен басталды. Айта кетелік, жаңа құрылым бойынша Жетісай ауданының аумағы - 104428 гектар, халқының саны - 172 903, құрамында 13 ауылдық округ пен 113 елді мекен болмақ. Орталығы- Жетісай қаласы. Ал Мақтаарал ауданының аумағы - 80970 гектар, халқының саны – 131 781, 11 ауылдық округ пен 69 елді мекен қарамағында болады. Орталығы – Мырзакент кенті. Жаңа аудандар тұрғындарының қуанышын, Елбасы қол қойған тарихи шешімнің маңызын білдіретін салтанатты шарада Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев халқы ең тығыз шоғырланған ауданды Мақтаарал және Жетісай деп бөліп берген Президентке ел ерекше ризалығын білдіріп жатқанын атап өтті.  

Осындай салтанатты шара жаңадан құрылған Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы орталық стадионда да өтті. Жаңа құрылым бойынша Сарыағаш ауданының аумағы аумағы - 417074 гектар, халқынының саны – 191 096, құрамында 14 ауылдық округ пен 71 елді мекен болмақ. Орталығы - Сарыағаш қаласы. Ал Келес ауданының аумағы - 345 127 гектар, халқының саны – 135 819, 12 ауылдық округ пен 83 елді мекен қарамағында болады. Орталығы – Абай ауылы.

Жаңа аудандардың тұрғындарын құттықтаған облыс әкімі өңір экномикасын дамыту үшін тер төгіп, еңбек еткен азаматтарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, облыс әкімінің грамотасымен және алғыс хатымен марапаттады. Мерекелі шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Еркін ДОСЫМБАЙ,

Оңтүстік Қазақстан облысы