• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Маусым, 2018

Мұғалім еңбегін лайықты бағалайық

438 рет
көрсетілді

Аймақтарға шығып, сай­лау­шы­­лар­мен кездесу бары­сында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын­дағы жаңа мазмұндағы білім беретін мұға­лімдердің еңбекақысын 30 пайыз­ға арттыру туралы тап­сыр­ма­ның толық орындал­май­тынына қа­тыс­ты пікір­лер естідік.

Мәселе, бұл қо­сымша ақының тек 18 сағатқа шақ­­тал­ған норматив­ті жүктемеге ғана қо­сыл­атынында болып отыр. Ар­тық сағаттар жүргізетін еңбекке еш­қан­д­ай қосымша енгі­зіл­мейді. Күн­көріс­тің қа­мы­­мен қазір біз­дегі мұғ­алім­­дердің көбі бір жарым став­ка­лық жүктемемен жұмыс істей­ді. Ал 30 пайыздық қосымша, жоға­ры­да айт­­қаны­мыздай, тек 18 сағаттық нор­ма­­тив­ті жүктемеге ғана беріліп, мұ­ғалі­м­нің үстеме ақысы шамалы ғана болып отыр екен. 

Біз бұл шешімді дұрыс деп сана­маймыз, өйткені ол мұға­лім­дер құ­ра­мының тапшылы­ғын арттыра түсуі мүмкін. Өз­дерінің еңбектерінің лайықты бағаланбағаны мұ­ғалімдердің өз маман­дық­тарына деген ынтасын түсі­ретіні сөзсіз. 

Осы сала қызметкерлерінің бізбен кез­десулерде айтқан екінші наразы­лығын да орын­ды деп санаймыз. Ол мем­ле­кеттік бюд­жеттің есе­бі­нен білім беру саласында қыз­мет ететін аза­мат­­­тық қыз­меткерлер мен жұ­мыс­­кер­­лер­дің, қазы­нашы­­лық қыз­мет­керлерінің еңбек­а­қы­сына байланысты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылдың 7 ақпанындағы қаулысына сәйкес оларға үсті­міз­дегі жылдың қаңтар айынан бастап қосымша төленуге тиісті еді. Алайда кей­бір аймақ­тардың атқарушы орган­дары бұл төлемдерді әлі күнге бермей отырған көрі­неді. Олар мұны рес­пуб­ли­калық бюджет­тен ағым­­дағы мақ­сат­­ты транс­ферт­тердің кел­меуі­мен байланыстырып отыр. Қыс­қа­сы, «сен салар да, мен салар­мен» білім саласының қыз­мет­керлері ө­здеріне тиесілі қосымша ақыны ала алмауда. 

Біз осы мәселені Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына депу­таттық сауалмен жолдап, проблеманы өзінің тікелей қадағалауына алып, оның тезірек шешілуіне жағдай туғызуды сұрадық.

Бірғаным ӘЙТІМОВА, 

Сенат депутаты