• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2011

Шара атауы – «Ризашылық»

381 рет
көрсетілді

«Мейірім» атты облыстық мамандандырылған бөбектер үйінде қайырымдылық шаралары өткізілді. Оның басты мақсаты – жетім балаларға жүрек жылуын дарыту, оларға жылы отбасылық мереке сыйлау,  деді аталған әлеуметтік мекеменің директоры Асқар Табылдиев. Шара кезінде тәрбиеленушілерге қазақстандық бүлдіршіндердің қамқор­шысы мен жанашыры Сара Назарбаеваның құттықтау сөздері мен ізгі тілектері жазылған ашық хаттар тапсырылды. Сондай-ақ, қор атынан бөбектер үйіне арнайы жабдықтар мен дамыту ойындары тарту етілді. Шараға келген демеушілер мен ізгі жандар да көл-көсір сыйлықтар ұсынды. Мереке кезінде бал-бөбектер тақпақтар мен өлеңдер айтып, би биледі. Сурет салу бойынша сынға түсті. Сөйтіп, «Ризашылық» атына заты сай мәнді де сәнді шара болуымен бөбектердің көңілінде жатталып қалды. Темір ҚҰСАЙЫН. Орал.