• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қыркүйек, 2018

Павлодар облысында ерекше бағдаршам пайда болды

805 рет
көрсетілді

Жарық диодты жолақ Ақсу ауданы «Ақсу бекеті» автосапаржайындағы көлік жүретін жолдың шетіне қойылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Құрылғы негізгі бағдаршаммен синхронды түрде жұмыс істейді. Жобаның авторы - Абзал Бүрікбаев. Жас маман Жаяу Мұса колледжін биыл ғана «Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» мамандығы бойынша бітірген. - Жерге орнатылған бағдаршам жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жоба зағип жандарды қолдау мақсатында әзірленді, - дейді Абзал Бүрікбаев.

Бағдаршамның ерекшелігі - қыс мезгілінде қардың астынан жақсы көрінеді. Жобаның тұсаукесеріне Ақсу қаласының әкімі Николай Дычко, жергілікті тұрғындар мен студент жастар қатысты. Айта кетерлігі, қала әкімдігінен қолдау тапқан жоба шаhарға «Ақылды қала» жүйесін енгізген «BF Group» ЖШС компаниясымен жүзеге асырылды.