• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаулысы № І-V

321 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаулысы № І-V

Сенбі, 21 қаңтар 2012 8:35

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасын сайлау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қаулы етеді:Депутат Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайлансын.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ.Астана, 2012 жылғы 20 қаңтар.    № І-V ПМ

Нұрлан Зайроллаұлы НЫҒМАТУЛИН

1962 жылы Қарағанды қаласында туған. Қарағанды политехникалық институтын (1984 ж.), БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін бітірген (1989 ж.). Саяси ғылымдар докторы (2001 ж.).1984-1985 жылдары «Қа­ра­ғанды облгаз» өндірістік бірлестігі автобазасының тех­ника қауіпсіздігі ин­же­нері, автоколонна бастығы болды. Осыдан кейін Қарағанды қаласындағы Ленин аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК бөлім меңгерушісінің орынбасары, Қарағанды облыстық комсомол комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы, Қазақстан Жастар ұйымы комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.1993-1995 жылдары «Тенкри» қазақ-американ бір­лескен кәсіпорнының президенті болды. 1995-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдық-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары болып еңбек етті. Содан кейін Астана қаласы әкімінің орынбасары, республика Көлік және коммуникация министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.2006-2009 жылдар аралығында Қарағанды облы­сының әкімі болды. 2009 жылдан «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.