• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары

266 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары

Сейсенбі, 24 қаңтар 2012 8:27

Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыМ.А.Құл-Мұхаммедті Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралыМұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі қызметінен босатылсын.

Сейсенбі, 24 қаңтар 2012 8:27

Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыМ.А.Құл-Мұхаммедті Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралыМұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.Астана, Ақорда, 2012 жылғы 23 қаңтар.    № 245

Мұхтар Абрарұлы ҚҰЛ-МҰХАММЕД1960 жылы туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.Университетті бітіргеннен кейін Қазақ Энциклопедиясында редакция меңгерушісі, жауапты хатшы, кейіннен  «Атамұра» корпорациясының президенті болып қызмет істеді. 1999-2001 жылдары Парламент Сенатының депутаты, Әлеу­меттік-мәдени даму жөнін­дегі комитеттің төр­аға­сы болды. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық ке­лісім министрі, Мемлекет басшысының кеңесшісі, Президенттің Баспасөз хатшысы – Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қызылорда облысының әкімі, Мәдениет және ақпарат министрі  қызметтеріне тағайындалды.Соңғы кезде – Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі._____________________________________Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыӘ.Ө.Исекешевті  Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі қызметіне тағайындау туралыӘсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –  Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі қызметінен босатылсын.Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар.    № 228

Әсет Өрентайұлы ИСЕКЕШЕВ1971 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін бітірген.Университетті бітіргеннен кейін мамандығы бойынша жұмыс істеді, кейін республика Стратегиялық жос­парлау және реформалар жөніндегі агенттігінің, Әділет министрлігінің аппараттарында еңбек етті. Әділет министрлігінің жанындағы «Ұлттық заң қызметі» ЖАҚ президенті, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі, Индустрия және сауда вице-министрі болып жұмыс істеді.  «Қазына» Тұрақты даму қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Кредит Суисс» банкінің (Швейцария-Қазақстан) қаржы мәселелері жөніндегі директоры қызметтерін атқарды. Республика Президентінің көмекшісі, Индустрия және сауда министрі қызметтеріне тағайындалды.2010 жылғы наурыздан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі.____________________________________Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыА.Қ.Жұмағалиевты Қазақстан Республикасының  Көлік және коммуникация министрі  қызметіне тағайындау туралыАсқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Рес­пуб­ликасының Байланыс және ақпарат министрі қызметінен босатылсын.Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар.    № 232

Асқар Қуанышұлы ЖҰМАҒАЛИЕВ1972 жылы туған. Свердлов қаласындағы Суворов әске­ри училищесін, Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Швейцария  феде­рал­дық  технологиялар институтын  (Лозанна қаласы) бітірген.Еңбек жолын «Жарық» ЖШС директоры болып бас­тады.Көлік және коммуникация министрлігінде сектор меңгерушісі, бөлім бастығы, басқарма бастығы болып жұмыс істеді. Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары, төрағасы қызметтеріне тағайындалды. «Қазақтелеком» АҚ президенті қызметін атқарды.2010 жылғы наурыздан – Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі.____________________________________Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыБ.Т.Сұлтановты  Қазақстан Республикасы  Президентінің Әкімшілігі Басшысының  орынбасары қызметіне тағайындау туралыБақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайын­дал­сын, ол  Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын.Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар.    № 242____________________________________Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыД.Қ.Мыңбайды Қазақстан Республикасының  Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне  тағайындау туралыДархан Қамзабекұлы Мыңбай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалсын.Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.Астана, Ақорда, 2012 жылғы 23 қаңтар.    № 246

Дархан Қамзабекұлы МЫҢБАЙ1962 жылы туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Техника ғылым­дары­ның («геоэкология») кандидаты.Университетті бітіргеннен кейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Ақпарат агенттігінде ма­ман­дығы бойынша жұмыс істеді. Республикалық «Өр­кен» – «Горизонт» газетінің бас редакторы, «Қазақстан­ның телевизиясы мен радиосы» корпорациясының вице-президенті болды. Оңтүстік Қазақстан облысының жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы, Түлкібас ауданының әкімі қызметтерін атқарды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат вице-министрі  қызметтеріне тағайындалды.2008 жылғы қарашадан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.____________________________________Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыҚ.П.Қожамжаровты Ақмола облысының әкімі қызметіне тағайындау туралыҚайрат Пернешұлы Қожамжаров Ақмола облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полиция­сы) төрағасы қызметінен босатылсын.Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.Астана, Ақорда, 2012 жылғы 21 қаңтар.    № 243

Қайрат Пернешұлы ҚОЖАМЖАРОВ1965 жылы туған. А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген.  Қаржы полициясының генерал-майоры.Еңбек жолын прокуратура органдарында бастады, кеден комитеті мен салық полициясы жүйесінде жұмыс істеді.Республика Қаржы полициясы агенттігінің басқарма бастығы,  Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары, Ақтөбе облысы бойынша қаржы полициясының бастығы болды. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған.Соңғы кезде – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы.____________________________________Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыА.С.Шабдарбаевты Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы  қызметіне тағайындау туралыАмангелді Смағұлұлы Шабдарбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы болып тағайындалсын.Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.Астана, Ақорда, 2012 жылғы 23 қаңтар.    № 247

Амангелді Смағұлұлы ШАБДАРБАЕВ1950 жылы туған. Қазақ дене тәрбиесі институтын, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Мос­ква қаласындағы МҚК Жоғары мектебін бітірген. Генерал-лейтенант.Құқық қорғау органдарында 1976 жылдан бері қызмет етеді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Арыстан» қызметінің бастығы, Мемлекеттік тергеу комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Президенттің жеке күзетінің бастығы, Күзет қызметі бастығының орынбасары болды. Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметтеріне тағайындалды.Соңғы кезде – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыМ.А.Құл-Мұхаммедті Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралыМұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі қызметінен босатылсын.Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.НАЗАРБАЕВ.Астана, Ақорда, 2012 жылғы 23 қаңтар.    № 245

Мұхтар Абрарұлы ҚҰЛ-МҰХАММЕД1960 жылы туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.Университетті бітіргеннен кейін Қазақ Энциклопедиясында редакция меңгерушісі, жауапты хатшы, кейіннен  «Атамұра» корпорациясының президенті болып қызмет істеді. 1999-2001 жылдары Парламент Сенатының депутаты, Әлеу­меттік-мәдени даму жөнін­дегі комитеттің төр­аға­сы болды. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық ке­лісім министрі, Мемлекет басшысының кеңесшісі, Президенттің Баспасөз хатшысы – Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қызылорда облысының әкімі, Мәдениет және ақпарат министрі  қызметтеріне тағайындалды.Соңғы кезде – Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі.