• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Ақпан, 2019

Алматы облысында азық-түлік бағасы қымбаттады

451 рет
көрсетілді

Алматы облысының аумағында бағаның өсуі байқалды. Облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқовтың айтуынша, өңірде  әлеуметтік маңыз бар азық-түліктің 14 түрі бойынша баға өскен.

Талап бойынша 19 түрлі азық-түлік тауары күнделікті қолданысқа қажет. Яғни, әлеуметтік маңызды тұтынуға жатады. Облыс аумағында бұл өнімдердің сатып алу құны 1,4 проценттен 27 процентке дейін қымбаттаған. Әсіресе, қырыққабат, құс еті, күріш, қант, жұмыртқа сияқты тауарлардың құны күрт өскені анықталған. Бағаның өсуі Қарасай, Көксу, Панфилов аудандары мен Текелі, Талдықорған қалаларында байқалып отыр.

Сондай-ақ, облыста сары май, сүт өндіру көлемі азайыпты. Өткен жылдың есебі бойынша аймақтағы сары май шығару 22 процентке кеміп кеткен.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы