• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 07 Ақпан, 2019

Парламент Сенатында жастарды дамыту мәселелері талқыланды

503 рет
көрсетілді

Бүгін Парламент Сенатында «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы заңын іске асыру және Жастар жылын өткізу аясында мемлекеттік органдардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың алдында тұрған міндеттер» туралы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, Парламент Сенатының депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев жастарды жұмысқа орналастыру және білім беру саласындағы оң динамиканы атап өтіп, Министрліктің Жастар жылын өткізу жөніндегі жоспарлары туралы айтты.

Дөңгелек үстел барысында қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, денсаулықты сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту үшін жағдай жасау, жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдай жасау, жас отбасылар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту, дарынды жастардың дамуына жәрдемдесу және мәдени демалыс пен бос уақытты өткізу үшін жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, қатысушылар Жастар жылының жол картасының негізгі ережелерін қарады. Құрылымдық жолмен, Жастар жылының жол картасы жастар саясаты саласында мемлекеттік органдар, Үкімет және қоғамдық ұйымдар қалай жұмыс істейтіні туралы анық навигатор болып табылады. Жол картасы төрт бөлімнен және 80-нен астам тармақтан тұрады.

«Жалпы алғанда, Жол картасы бірінші рет төрт пазлды бірге құрды. Бұрын бөлек құрылса, қазір жастардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін біріктірілді. Бұл тетраэдр – қоғамдық өндірістің-білім беру, жұмыспен қамту, тұрғын үй, отбасы тұрақтылығы мен механизмін бейнелейтін фигура», - деді Дархан Қалетаев.

Дөңгелек үстелге қатысушылар үшін жастар саясаты саласындағы жетістіктер туралы көрме ұйымдастырылды. Көрме аясында «Жастарға мейірімді мекен» жастардың даму индексі», «Жастар ресурстық орталықтарын қайта құру», «Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы статистика мен жетістіктер» жобалары таныстырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Дүниежүзілік Банктің бірлескен «Жастар корпусын дамыту» жобасының нәтижелері, Shoqan by Shoqan Ualikhanov брендінің костюмдері және Жас суретшілер одағының шығармашылық суреттері қойылды.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.