• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Ақпан, 2019

Қазақстанның хоккейшілері Мұрагер кубогын жеңіп алды

316 рет
көрсетілді

Шайбалы хоккейден Оңтүстік Кореяда өткен Мұрагер кубогы жолындағы жарыста Қазақстан құрамасы бас жүлдені жеңіп алды. 

Алғашқы ойында жерлестеріміз Жапонияны 5:2 есебімен жеңді. Бұл ойында Аркадий Шестаков, Иван Степаненко, Кирилл Савицкий, Кирилл Панюков және Антон Некряч гол соқты. Келесі кездесуде Оңтүстік Кореяның осал тұсын оңай таптық.  Есеп – 5:1. Бұл бәсекеде Антон Некряч,  Артем Лихотников, Дмитрий Быков және Еміл Нұрғалиев мергендік танытты.

Соңғы ойынды Қазақстан құрамасы Латвияға қарсы өткізеді. Шиеленісті бәсекенің негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. Біздің команда сапында  Аркадий Шестаков пен Никита Клещенко нысананы дәл көздеді. Овертаймда жерлестеріміздің бағы жанды. Есеп – 3:2.

Осылайша, сегіз ұпайға иелік еткен Қазақстанның хоккейшілері Мұрагер кубогын жеңіп алды.  

  Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

 «Egemen Qazaqstan»