Таиландтың Чиангмай қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты.
102 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әлихан Шайхидинов күміс медальді мойнына ілді. Ол 145 килоны жұлқып, 180 килоны серпе көтерді. Қоссайыстың қорытындысы – 323 кило.
Естеріңізге сала кетейік, кеше 81 кило салмақта күш сынасқан Нұрлыбек Сәменов бас жүлдені олжалаған болатын. Бір қуантарлығы, қос қандасымыз үшін де бұл халықаралық аренадағы алғашқы сынақ. Соған қарамастан Нұрлыбек пен Әлихан ел сенімін ақтап, жеңіс тұғырына көтерілді.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»