• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2019

Жас кәсіпкерлердің жобалары іске аспақ

445 рет
көрсетілді

Жастар жылы қарсаңында «Zhas project» жобасы негізінде ұзақ мерзімді әлеуметтік және кәсіпкерлік бағыттағы жобаларға 1 млн теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Бұл туралы өткен аптада өткен «Арманда! Ұсын! Іске асыр!» үздік тәжірибелердің республикалық форумы барысында айтылды.

Жиында сөз алған Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариевтың айтуынша, екі жыл бұрын Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк Жастар корпусын дамыту жобасын іске асырды. Жоба осал топтағы жас­тарды қоғамға сәтті бейімдеу және нәтижелі еңбекпен қамту үшін өмірлік маңызы бар дағ­дыларды дамыту арқылы әлеу­меттік пайдалы қызметке тар­туға бағытталған. Жобаға қаты­сушыларға қойылатын негізгі талап – тұрақты, өнімді, қоғамның қажетіне жарайтын, сұранысқа ие саланы жандандыру. 

̶  Былтыр гранттық қаржы­ландыру бойынша тіл үйрету, компьютерлік, ғылыми-техни­ка­лық және тағы да басқа 250-ге жуық білім беру курсы іс­ке қо­сылды. Бұдан өзге 200 жо­ба ауыл шаруашылығы сала­­сын жандандыру аясында іске асты. Жас кәсіпкерлер сүт өнімдерін шығаратын шағын өндіріс орындарын ашса, енді бірі құс өнімдерін дамытуды қолға алды. Сонымен қатар ұлттық нақыштағы киім­дерді нарыққа бейімдеп, саудалау ісі де қарқынмен дамып келеді. Бұл ретте 125 жоба би, ән, шебер­лік үйірмелеріне арналған шы­ғар­машылықты дамытуға ба­ғытталған болса, 61 жоба та­мақ өнімдеріне, 86 жоба тігін өн­ді­рісіне арналып отыр, − деді А.Өрсариев.

Жастар корпусын дамыту жобасы өңірлердегі жастардың білік­тілігіктерін шыңдауға ба­сымдық береді. Былтыр Ақ­төбе, Шығыс Қазақстан, Жам­был, Солтүстік Қазақстан, Қызыл­ор­да және Қостанай облыс­та­рындағы жас кәсіпкерлер өз ісін бастауға мүмкіндік алған. Форумда Дүниежүзілік банктің Қазақ­стандағы тұрақты өкілі Ато Браун жас кәсіпкерлерге мүмкіндік беру, қолдау көрсету арқы­лы ел экономикасы тұрақ­талатынын жеткізді.

̶ Дүниежүзілік банк 25 жыл ішінде Қазақстандағы жобаларды қаржыландыруға 8 млрд доллар қаражат бөлді. Транзиттік-логистикалық ірі жобалардан бөлек, республикадағы өз кәсібін бастауға мұқтаж жандарды қол­дауға да көңіл бөліп отырмыз. Себебі, әлемдегі кез келген да­мыған елді алсаңыз, ондағы бай­лық минералды ресурстармен өлшенбейді. Керісінше, адами ресурстың маңыздылығын аң­ғарамыз. Жастардың ой-сана­сындағы тың бастамаларды, қа­жыр-қайратты елдің дамуына жұмылдыру арқылы көш ілгері дамуға болады. Оның үстіне жас­тар корпусын дамыту жобасы Қазақстанның барлық аумағын қамтиды. Сонымен де құнды, − деді ол. 

Қызылорда облысынан келген қатысушы Гүлмира Әлиева тоқыма тоқумен айналысады. Оның «Zhas project» жобасы аясында көптен ойға алған арманы орындалып, өз кәсібін ашуға қол жеткізді. Шеберханасында 5-6 адам жұмыс істейді. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағынан аз қамтылған балаларға арнап жейделер тоқумен айналысады. 

̶  Мемлекет тарапынан көрсе­тілген көмек арқылы жаңа техникалармен тоқыма шеберханасын жабдықтадым. Алдағы уақытта нарыққа бейімделген өнімдерді қолжетімді бағамен ұсынуды жоспарлап отырмын. Жастар жылында жас кәсіпкерлердің ойға алған армандарын орындауға мүмкіндік бар, – деді «Нұралы» тігін шеберханасының жетекшісі.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»