Түркістан облысы Қазығұрт ауданының 29 жастағы тұрғыны Әбдалиева Жадыра Заманқызы үшемді дүниеге әкелді.
Үшеуі де ұл бала. Аян, Саян, Аман есімді үшем 23 қаңтар күні Түркістан облыстық №1 перинатальды орталықта дәрігерлердің көмегімен кесарь тілігі арқылы өмірге келген. Дүние есігін ашқан сәтте салмақтары 1700-2100 грамм болған сәбилер бүгін перзентханадан шықты. Үшемнің анасы Жадыра Заманқызы үй шаруасында болса, әкесі коммуналдық шаруашылық саласында жұмыс істейді. Үшем отбасының тұңғыштары екен.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Түркістан облысы