• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Ақпан, 2019

Қазақстанда 92 қауіпті интернет-ресурс анықталды

576 рет
көрсетілді

Интернет желісінің қазақстандық сегментін «WebTotem» жүйесі арқылы мониторингілеу нәтижесінде 2018 жылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті (АҚК) мамандарымен ресурстың бас парағын ауыстыру (дефейс), сондай-ақ криптовалютаны (майнер) өндіру фактілері орын алған 92 веб-сайт анықталды. Бұл туралы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мысалға, өткен жылдың желтоқсан айында АҚК мамандарымен театрының сырттай театрдың ресми сайтына ұқсайтын жалған сайты анықталды. Оның көмегімен қаскүнемдер жалған билеттерді сатумен айналысқан. АҚК бұл инцидент бойынша барлық материалдарды алаяқтық қызметті тоқтату мақсатында ресурс-клонға қатысты барлық қажетті шараларды қолданған құқық қорғау органдарына жолдады.  

«Қазіргі заман талаптарында Комитеттің негізгі міндеті жаңа аппараттық-бағдарламалық құралдарды қолдану мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ұлттық заңнамалық базаны жетілдіру болып табылады. Тағы бір екпінді біз тұрғындар арасындағы киберқауіпсіздік мәдениетін көтеру бойынша жұмысқа бағыттаймыз, соның ішінде мемлекеттік қызметшілер арасында», – деді Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дмитрий Голобурда.

Сонымен қатар, Голобурда «Цифрлік Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР ҰҚК МТҚ негізінде осалдықтар мен зиянды бағдарламалық қамтылымдарды зерттеудің толық спектрі өндірілетін сынақ зертханалары құрылғаны туралы айтты.

Айта кетсек, Қазақстан 2016-2017 жылдар аралығында ақпараттық қауіпсіздік рейтингінде 20 орынға (103-ден 82 орынға) көтерілді.