• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

852 рет
көрсетілді

Алдағы демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады, дымқыл қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Атлантикалық циклонмен байланысты оңтүстік циклондар мен атмосфералық фронттардың әсерінен Сібір антициклонының сілемдері бұзылады, бұл Қазақстанның көптеген облыстарында ауа райын бұзады.

Демалыс күндері және дүйсенбі күні республиканың батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар жауып, боран соғады. Батыстан күшті жел тұруы мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс облыстарда жауын-шашын, жаңбыр, дымқыл қар, көктайғақ күтілуде. Қазақстанның барлық аумағында тұман сақталады. Ауа температурасы климаттық нормадан 2...5 градусқа жоғары болады.