• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2010

ӘЛЕМ ӨТКЕН АПТАДЫ

759 рет
көрсетілді

Мұнайға талас Аргентинаға жақын болса да, Фолкленд аралдары Ұлыбрита­ния­ға қарайды. Бұдан біраз бұ­рын Аргентина оны өзіне қай­тармақ болған еді, ағылшындар әскерінен ойсырай жеңіліс тапқан. Сол маңда тағы да қақ­ты­ғыс болар қауіп туып тұр. Ұлы­британия компаниялары сол арал маңынан мұнай іздей бас­тағанда, Аргентина оған қарсы­лық білдірді. Арал ағылшынға қарағанымен, оның маңындағы жер өздерінікі деп отыр. Ұлы­бри­та­нияға қарсы күш қолдануға шама жоқ, сонан соң олар араға тү­сіңдер деп БҰҰ-ға шағым білдірді. Грекия – ереуілде Сәрсенбі күні бүкіл Грекияда жұмыс тоқтап қалды десе де бола­ды – 5 миллиондай халық ереуілге шықты. Бұл ­– бүкіл ел халқының жартысына жуығы, жұмыс істейтіндердің барлығы дерлік. Жеке меншік және мем­ле­кеттік меншік секторларының өкілдері ынтымақтаса әрекет етті. Мекемелер, мектеп, банк, қоғам­дық көлік жұмыс істемеді. Талап – бюджеттегі 13 пайыздық тап­шылық (дефицит) азаматтардың табысы есебінен жабылмасын дейді. Әскерилер тұтқындалды Өткен дүйсенбіде Түркияда әске­ри төңкеріс жасау әрекеті үшін 50 адам тұтқындалып, түр­меге жабылды. Оның екеуі қазір әскер қатарында жүрген адми­рал­дар және үшеуі отставкаға шық­қан адмирал, сондай-ақ екі генерал екен. Бұл елде әскерилер әркез төң­керіс жасап, өздерінше Кемал Ататүріктің өсиеттерін қалпына келтірген соң, билікті қайтадан азаматтық үкіметке беріп оты­рады. Соңғы төңкеріс 1980 жылы болған еді. Олардың биылғы әре­кеті сәтсіздікке ұшырады. Үкімет алдын орап кетті. Салдарының қандай болары белгісіз. Қатты жазалауға үкіметтің шамасы келе ме, оны да ешкім айта алмайды. Талибтер келіспейді Соңғы кезде талибтерге қар­сы күрес біршама күшейіп, олар айтарлықтай шығынға ұшырады. Осы сәтті пайдаланып, Ауғанстан президенті Хамид Карзай оларды келіссөзге шақырды. Бірақ талибтер тәубесіне келмепті, олар ең алдымен Х.Карзайды Батыс­тың қуыршағысың деп кінәлап алған соң, ешқандай келіссөзге бармайтындарын мәлімдеді. Ал оның есесіне НАТО күштері Ауған­станның оңтүстігінде та­либ­терге қарсы бірнеше опера­ция­ларды жүзеге асыруды қолға алды. Бірікпектің сыры бар КХДР-дің ресми бас газеті “Нодон синмун” Солтүстік және Оңтүстік Кореяның федерация­лық сипатта біріккені жөн деген пікірге негізделген мақала жа­риялады. Мұны КХДР басшы­лығының пікірі деп қабылдаған жөн. Өйткені, елдің ресми газеті басшылықпен ойласпай мұндай пікірді айта алмайды. Аса зор экономикалық және әлеуметтік қиындыққа ұшыраған Солтүстік Корея жағы Оңтүстіктен көмек, қолдау күтуге мәжбүр. Даулы зымырандар Румынияның Сыртқы істер министрі Т.Баканску өз елінің АҚШ-пен өз аумағында қорға­ныс­тық зымырандар орналас­тыру жөнінде келіссөздер жүр­гізіп жатқанын мәлімдеді. Бұл зымырандардың мақсаты НАТО аймағына қарай атылған оқ пен жіберілген ұшақтарды нысанаға жеткізбей жолда жою болмақ. Мәскеудегі фашистер Мәскеудің қалалық соты “Ақ қасқырлар” деп аталатын скин­х­эт­тердің фашистік тобының тоғыз мүшесіне жаза кесті. Олар­дың алды 23 жылға, соңы 6,5 жылға сотталған. Бұл топ фа­шистер көсемі Адольф Гитлердің туған күні құрылып, содан бері 11 адамды өлтіріп, бір адамды өлтірмек болған. Ерекше бел­сенділік көрсеткен Дмитрий Исакин деген 23 жылға сотталса, ал осы топтың жетекшісі сана­ла­тын және мойнында екі адамның қаны бар Алексей Джавахишвили дегенге жеті жыл берілгені таң­дандырады. Орыс фашистері не­гі­зінен Өзбекстан мен Қыр­ғыз­станнан шыққандарды “ау­лай­ды” екен. Мамадияр ЖАҚЫП.