• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Наурыз, 2019

Қызылордалық жастарға үй беріледі

910 рет
көрсетілді

«Nur Otan» партиясы XVIII сьезінің депутаттары еңбек ұжымдарымен кездесіп, қабылданған шешімдер бойынша түсінік жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Теміржол саласында жұмыс жүйелі, жалақы тұрақты болғанымен шешілмей келе жатқан түйіндер жеткілікті. Соның бірегейі-жас мамандарды баспанамен қамту.

- Алғашқы жобалардың біреуі Сексеуіл кентінде 32 пәтерлі 5 бөлмеден 60 жас жанұяға үй берілгелі жатыр. Ол деген үлкен жетістік деп ойлаймыз,-дейді тасымалдаушы компания филиалының директоры Амангелді Арысбаев.

Тағы бір жаңалық, «Қызылорда-Астана» поезы енді күнделікті жүреді. Оған қосымша вагондар қосылмақ. Бұл жолаушылар үшін тиімді әрі сұранысқа сай болып отыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы