• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Наурыз, 2019

Есірткі тасымалдаушы мен «тапсырыс беруші» ұсталды

1179 рет
көрсетілді

ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» өңірлік басқармасының Қордай шекара отрядына қарасты «Кордай-авто» өткізу бөлімшесінде 2019 жылдың 17 наурызында сағат 17:15-тер шамасында есірткі іздеуге арнайы үйретілген қызметтік ит көрші елден Қазақстанға қарай жаяу өтіп келе жатқан азаматшаны меңзеді. Ол 1980 жылы туған Қырғыз Республикасының азаматшасы (мүгедек - мылқау) екен. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Жеке тексеру барысында оның беліне тағам пленкасына оралған 4 полиэтилен пакеті табылды. Шекарашылардың қызметтік итін шатастыру үшін полиетилен пакет пен тағам пленкасының арасына қызыл бұрыш себіліпті. Пакеттерден шыққан 4 кг-нан астам қошқыл жасыл түсті, өткір иісті қатты зат, кейінірек, сараптама қорытындысы анықтағандай – «канабис шайыры» есірткі заты болып шықты. Шекарашылардың жедел қимылының нәтижесінде мүгедек әйелге 20 000 қырғыз сомын төлеуге уәде ете отырып есірткіні діттеген жерге жеткізуге «тапсырма» берген адам да ұсталды. 1962 жылғы қазақстандық есірткі тасымалдаушыны алыстан бақылап жүріпті» делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, ұсталғандар айғақты затымен бірге Қордай аудандық полиция бөліміне тапсырылды.