• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Наурыз, 2019

Байқоңыр қаласында самбодан халықаралық турнир өтті

977 рет
көрсетілді

Спорттық самбо және жауынгерлік самбодан өткен турнирге Байқоңыр қаласында орналасқан құқық қорғау органдары өкілдері де қатысты.

ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінен жауынгерлік самбодан 62 келі салмақта полиция сержанты Нұрғали Сарсембаев пен 90 келі салмақта жауынгерлік самбодан өкілдіктің кадр жұмысы тобының инспекторы, полиция лейтенанты Дидарбек Нұржігітов шеберлік сынасты.

Олар Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешеніндегі Ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен бозкілемде белдесіп, ақтық сында жеңімпаз атанды.

Ақтық сайыста екі полицей де жеңіске жетіп, өз салмақтары бойынша бірінші орынды иеленді. Оларды Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешеніндегі Ішкі істер басқармасының басшылығы марапаттады.

 Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

  Қызылорда облысы