• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Наурыз, 2019

Қызылорда қаласының 49 жастағы тұрғыны есірткімен ұсталды

1084 рет
көрсетілді

Қызылорда облыстық Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары жедел іздестіру шарасы барысында Қызылорда қаласының 49 жастағы тұрғынын ұстады.

«Қолға түскен азаматтан жалпы салмағы 1 келі 400 грамнан асатын гашиш есірткі заты тәркіленді. Ол скотч пен газет қиындысына оралған», - дейді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат кінәсін толығымен мойындады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы