• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Наурыз, 2019

Жастар өкілдерімен кездесті

909 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы Бақытжан Сағынтаев жастар өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері Мемлекеттік хатшыға Жастар жылы аясында жүргізіп жатқан жұмыстары жөнінде мәлімдеді.

Б.Сағынтаев Мемлекет бас­шы­сының тапсырмалары бойынша қазіргі таңда жастардың әл-ауқатын жақсартуға, олардың сапалы білім алуына, денсаулық сақтау қызметіне қол жеткізуіне, баспана жағдайын түзетуіне, бос уақыттарының дұрыс ұйымдастырылып, Қазақстан жас­тарының өмірден өз орнын табуына бағытталған маңызды әлеуметтік жо­балардың жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Елбасының жастар саясаты саласында алға қойған міндеттерін тиімді орындау үшін мем­лекеттік органдар мен жастардың үкіметтік емес ұйымдары бірлесе жұ­мыс жүргізуі қажеттігін айтты.

Осыған байланысты Б.Сағынтаев еліміздің барлық жастарын Жастар жылы аясында іске асырылып жатқан жобаларға белсене атсалысуға, өзін-өзі жетілдіру, білім деңгейін көтеру және кәсіби біліктілігін арттыру үшін жаңадан енгізілген «әлеуметтік лифт» мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды.

Кездесу соңында Мемлекеттік хат­шы жастарымыз еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің маңызды фак­торына айналуға тиіс екендігін атап өтті.