• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Наурыз, 2019

Қызылорда қалалық мәслихатының аппарат басшысы тағайындалды

1269 рет
көрсетілді

Қызылорда қалалық мәслихаты хатшысының 2019 жылғы 18 наурыздағы №14 өкімімен Сейілов Жанмұрат Жақсымұратұлы Қызылорда қалалық мәслихатының аппарат басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жанмұрат Жақсымұратұлы 1985 жылы 29 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде тарих, құқық және экономика негіздері және Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторы қызметінен бастаған.

2008-2011 жж. Қызылорда облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы;

2011-2013 жж. Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасының бас маманы;

2013-2017 жж. Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы-қала әкімі орынбасарының көмекшісі, қала әкімінің көмекшісі;

2017 жылдан осы кезге дейін қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.