• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2019

Көпбалалы аналарға тұрғылықты жері бойынша балабақшаларға орын бөлудің артықшылықтары түсіндірілді

499 рет
көрсетілді

Көпбалалы аналармен кездесу барысында қала әкімі Бақыт Сұлтанов тұрғылықты жері бойынша балабақшаларға орын бөлу артықшылығын түсіндірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана тұрғыны, алты баланың анасы Айсұлу Ешенхан кездесу аясында тұрғылықты жеріне жолдама беру қажеттілігі туралы сұрақ қойды.

«Балабақшаларға жолдама тұрғылықты жері бойынша берілуі тиіс. Бұл тек ата-аналар мен балалар үшін ғана емес, қалаға да тиімді. Ата-аналардың қаланың бір шетінен екінші шетіне ағылуы қаланың көліктік инфрақұрылымына да үлкен жүктеме болып табылады.

Ал егер жеке көлігі болса, онда ол көлік кептелісін тудырады. Сондықтан сайт арқылы тұрғылықты жер бойынша қала балабақшаларына орын бөлеміз»,  – деді елорда әкімі.