• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2019

Заңсыз тауар мен жануар алып кірмекші болғандар ұсталды

407 рет
көрсетілді

Қорғас шекаралық бақылау отрядының аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында кеше Орталықтан Қазақстанға қарай қайтып келе жатқан 29 жастағы Қазақстан азаматшасы ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Ол өзімен бірге 120 дана, жалпы құны 540 000 теңге тұратын «LRS 100-24» маркалы импульстық қуат көзін алып кірмекші болыпты», делінген хабарламада.

Сондай-ақ аталған отрядтың «Нұр-жолы» жолаушылар тексеру бөлімшесінде 54 және 55 жастағы екі қазақстандық ұсталды.

«Олар өздерімен бірге жолаушылар автобусымен  ҚХР-дан 20 боршатышқан (бурундук), 16 ементұмсық (дубонос) текті құс, 24 бұлбұл, 40 тасбақа, 50 тритон және 10 теңіз шаянын елімізге алып кірмек болыпты.  Заңсыз тауарлар мен жануарлар актіленіп «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды», делінген хабарламада.