• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2019

ҚХА Солтүстік Қазақстан облыстық филиалына жаңа хатшылық меңгеруші тағайындалды

487 рет
көрсетілді

Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың келісімі бойынша Мұратбек Бегайдарұлы Зейнуллин Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық филиалының хатшылық меңгерушісі болып тағайындалды.

Оны ұжым мен этномәдени бірлестіктеріне облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет таныстырды.  

М. Зейнуллин Ақмола облысында туған. Новосібір жоғары әскери саяси училищесін бітірген. Еңбек жолын 1984 жылы танк полкі рота командирінің орынбасарлығынан бастаған.  1987–2009 жылдары Қазақстан Қарулы Күштер қатарында әртүрлі  қызметтер атқарған. 2009-2012 жылдары облыстық Қорғаныс істері департаментіне, алты жыл Дін істері басқармасына жетекшілік еткен.

«Хатшылық меңгерушісіне үміткерлер көп болды. Конкурс белгіленген ережелер шеңберінде өткізіліп, таңдау Мұратбек Бегайдарұлына түсті. Ол – тәжірибелі, іскер  басшы» деді Мадияр Дүйсенбайұлы.

Өңірде  26 мәдени-ұлттық бірлестік мен 150-ге жуық бөлімше  жұмыс істейді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы