• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2019

Бірқатар отандық автопарк заманауи талаптарға сәйкес келмейді

541 рет
көрсетілді

Өткен жылы елдегі автопарк тұрақтарында 4 млн 400 техника бірлігі болған. Оның жартысынан астамы көне. Олардың қатарында 20 жыл бұрын шығарылған автобустар да бар.

Мәселен, 2018 жылы отандық көлік тұрақтары 2 мыңнан астам техника сатып алған. Қоғамдық көліктер Ресейден, Қытайдан, Жапония, Корея және Өзбекстан елдерінен жеткізілді. Автобус паркын жаңғырту бойынша лизингтік қаржыландыру жобасы да былтыр басталған болатын. Жеңілдетілген автонесие мен лизингке 10 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Еске салайық, Ұлттық қор мен мемлекеттік қазынадан осы мақсаттарға 26 млрд теңге бағытталды.    

Қазақстанда «Нyundai» маркалы жеңіл автокөлік шығаратын зауыт салынады. Бұл туралы кеше Үкімет отырысында 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы жайында баяндаған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты.

Сонымен қатар, ол өңдеу секторына Елбасының тапсырмасы бойынша «қарапайым заттар экономикасы» саласын жеңілдікпен несиелеу бағдарламасына тоқталып, бөлінген 600 млрд теңге көлеміндегі қаржының жаңа серпін беру керектігін айтты. Оның 400 млрд  теңгесі өнеркәсіптік тауарлар өндірісі мен жекелеген қызмет түрлерін дамытуға бағытталмақ. Мемлекеттік даму институттары КАСЕ биржасына шығу үшін шағын және орта бизнесті субсидиялайды. Қазақстан қор биржасының басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюктың айтуынша, эмитент нарыққа жалпыға ортақ бағамен шыға алады, алайда ставканың бір бөлігін даму институттары субсидиялайды. Осы арқылы отандық бағалы қағаздар нарығы жандана түседі, дейді Цалюк. Бұл туралы Курсив порталы хабарлайды.

Әрине, бұл бағытта КАСЕ-нің ұтары аз. Өйткені жеке құнды қағаз шығарғаннан несие алған әлдеқайда жеңіл. Бірақ бұл бағдарлама корпоративтік облигациялар нарығындағы бағаны реттей алатындығымен маңызды, дейді сарапшы.    Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы құбылып тұр. Лондондағы ICE Futures биржасында мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың болжамдық құны 28 центке өсіп, 67 доллар 36 центті құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) мамыр айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай 22 центке арзандап, бір баррелі 58 доллар 82 центке тең болды.