• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2019

Емделуші «Ана мен бала» орталығына санавиация бортымен жеткізілді

461 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының 1996 жылы туған азаматшасы жаңа туған сәбиімен шұғыл түрде Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласынан Өскемен қаласына санитариялық авиация желісі бойынша тасымалданды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Босанған әйел жүктіліктің 39 аптасында медициналық мекемеге келіп түскен. 2019 жылғы 13 наурызда бала ауыр асфиксиямен туған. Босанғаннан кейінгі кезеңде кішкентай пациентке жағдай тұрақтанғанға дейін қажетті медициналық көмек көрсетілді. Одан әрі ем алу үшін жаңа туған нәресте анасымен Өскемен қаласындағы облыстық "Ана мен бала" орталығына санитариялық авиация желісі бойынша жеткізілді. Мұндай қажеттілік бала денсаулығының ауыр жағдайына, медициналық мекемеде күтім жасау және емдеу бойынша жағдайлардың болмауына, сондай-ақ жолдардың нашар жағдайына және көшкін түсу қаупіне байланысты туындады.

Пациенттерді, оның ішінде жаңа туған балаларды авиатасымалдау кезінде санавиацияның ұтқыр бригадасы ұшудың барлық уақытында ағзаның өмірлік маңызды функцияларына мониторинг жүргізіп отырды. Бұл ретте әуе кемесінің бортында қажетті медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектердің болуына ерекше назар аударылады. Осылайша, жаңа туған нәрестелерді бортта тасымалдау үшін оттегін автоматты түрде беретін және қауіпсіздік пен жайлылыққа кепілдік беретін оңтайлы температура мен ылғалдылықты ұстап тұратын мамандандырылған кувез қолданылады.

Қазақстан Республикасының санитариялық авиациясы көп бөлігінде қан айналымы жүйесі аурулары бар пациенттерге, жазатайым оқиғалар, улану және жарақат алу кезінде, жаңа туған нәрестелер және балалар жасындағы патологиялар кезінде, сондай-ақ шұғыл акушерлік жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсетеді. 2019 жылғы 2 айда патологиялық аурулары бар жаңа туған нәрестелер пациенттердің жалпы санының 14,7% құрады.

2019 жылғы 2 айда санавиациямен 319 ұшып шығу орындалды, 374 пациентке медициналық көмек көрсетілді, 390 медициналық қызмет орындалды. Ағымдағы кезеңде 298 пациент тасымалданды, 66 кеңес берілді және 26 операция жасалды.