Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осы жылы жалпы ұзындығы 8,42 шақырым болатын жеті көшені және Көктал-1, Агроқалашық, Өндіріс, Оңтүстік-Шығыс (оң жағалау) тұрғын үй аудандарында жалпы ұзындығы 31шақырым болатын 87 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, жөндеу жұмыстары: Сығанақ пен Керей-Жәнібек хандар көшелерінің аралығында жатқан Бөкейхан көшесінде; Молдағұлова мен Есенберлин көшелерінің аралығындағы Затаевич көшесінде; Сарыарқа және Республика даңғылдарының аралығында жатқан Абай даңғылында; Ш. К. Куми мен Ш. Бейсекова көшелерінің аралығында жатқан Қосшығұлұлы көшесінде; Тәуелсіздік және М. Жұмабаев даңғылдарының аралығында жатқан Күйші Дина көшесінде; Алаш тас жолында(жергілікті жолдар мен автобус жолдары құрылысы); Тәуелсіздік және М. Жұмабаев даңғылдарының аралығында жатқан Б. Майлин көшесінде жүргізіледі. Көше асфальт-бетон жамылғыларында ақаулардың пайда болуына негізінен күрт континенталды климат (температураның күрт төмендеуі), көлік құралдарының жоғары қарқындылығы, сондай-ақ күрделі жөндеу мерзімінің аяқталуы себеп болған.
Асфальтбетонды бетон жамылғыларындағы кемшіліктер, тесіктер мен шұңқырлар, жарықтар көбінесе жөндеу жұмыстары аяқталған көшелерде (күрделі жөндеу мерзімі - 5 жыл) пайда болады. Мысалы, Абай даңғылының Сарыарқа даңғылынан Республика даңғылына дейінгі аралығы. Бұл бөлімде соңғы рет жөндеу жұмыстары 2012 жылы жүргізілген, яғни 7 жыл бұрын және бүгінгі таңда төсеніш, пиллинг және қаптамада жарықтар көрінуде, кемшіліктер бар. Сарыарқа даңғылы мен Ш. Уәлиханов көшесінің арасында жатқан Бөгенбай батыр даңғылының бөлігі. Соңғы рет осы учаскені жөндеу 2010 жылы, яғни 9 жыл бұрын жүзеге асырылды», – деп түсіндірді көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында.
Басқарма қаланың жол желісіндегі кем-кетік, жарықтар мониторингін күнделікті өткізіп, қадағалап отырады. Тұрғындардың хаттары, өтініштері және «109» қызметі, әлеуметтік желілерден алынған ақпарат бойынша, сондай-ақ мониторинг ақпараты, аудандық әкімдіктер сұрауларының негізінде басқарма тиісті мерзімде жол инфрақұрылымын ағымдағы жөндеу жоспарын жасайды. Жұмыстар кестеге сай жүргізіледі. Қалада жол жөндеу уақыты жобамен сәуір айының ортасынан басталады. Нормативтік құжаттамаға сәйкес, ыстық асфальт бетон қоспасын ауа температурасы + 10 ° С-тен төмен болмаған жағдайда төсеу керек. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Тыныштықты бұзу» 437 бабына сай, түнде жұмыс істеуге жол берілмейді.