• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2019

Алматыда «Made in Pakistan» көрмесі өтеді

622 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылдың 4-8 сәуір күндері аралығында «АТАКЕНТ» орталығында өтетін көрмеге Қазақстанның барлық өңірлерінен бизнес саласының өкілдері жиналмақ. Еліміздің 8 аймағынан келетін 100-ден астам компаниялар үздік деген тауарларын ұсынады.

Көрмеге Алматы қаласындағы «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай мен Пәкістанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшсі Dr. Imtiaz Ahmad Kazi қатысады деп жоспарланған.

Пәкістанның Алматыдағы коммерциялық консулы Басит Салим Шах  «Made in Pakistan» көрмесін ұйымдастыру екі елдің іскерлік қауымдастығының ынтымақтастығына жол ашады, сонымен бірге экономикалық байланыстарды нығайта отырып, сауданың қолданыстағы түрлерін диверсификациялай отырып, сапалы деген тауарларды қазақстандықтарға ұсыну болып табылады, деп атап көрсетті.

Көрмеде Пәкістанның ең үздік деген кәсіпорындарыөнімдері қатарында ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп өнімдері, дәрі-дәрмек, дизайнерлік үлгілермен қатар, дәстүрлі және қолөнер бұйымдары, шөптен жасалған өнімдер, бағалы тастар, металдан жасалған бұйымдар, жаһаздар, кілем, т.б. өнімдер көрсетіледі.

Пәкістанның Сауданы дамыту басқармасы көрме барысында алғашқы рет Пәкістанның рухани мұрасын насихаттайтын пәкістандық шеберлердің стендін ұсынатын болады.

     Алматы