17-27 сәуір аралығында Таиландтың бас шаһары – Бангкокта бокстан Азия чемпионаты өтетіні белгілі. Бұл жарыста 10 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынады.
Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев айтулы додада мына боксшыларға сенім артты:
49 кило – Теміртас Жүсіпов
52 кило – Әнуар Мұзаппаров
56 кило – Қайрат Ералиев 60 кило – Зәкір Сафиуллин 64 кило – Санатәлі Төлтаев
69 кило – Асланбек Шымбергенов
75 кило – Тұрсынбай Құлахмет
81 кило – Бек Нұрмағанбет
91 кило – Василий Левит
+91 кило – Қамшыбек Қоңқабаев
Бангкокта бақ сынайтын боксшылардың дені былтырғы жылғы Қазақстан чемпиондары. Тек қана 69 және 75 кило салмақ дәрежесіндегі ел біріншілігінің жеңімпаздары ғана осы жарыста шет қалды. Себебі, Абылайхан Жүсіпов пен Әбілхан Аманқұл жарақаттарынан әлі айыққан жоқ. Сол себепті де біз олардың орнына Асланбек Шымбергенов пен Тұрсынбай Құлахметті апаруды жөн көрдік, – дейді Ғалымбек Кенжебаев.