• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Сәуір, 2019

Волейбол: Бас жүлде үшін «Жетісу» мен «Алтай» таласады

797 рет
көрсетілді

Бұл күндері Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының плей-офф сайыстары өтуде.

Айтулы жарыста Ұлттық лиганың ең үздік төрт командасы жүлделі орындарды өзара сарапқа салуда.  Жартылай финалда жеңімпазды анықтау үшін екі ойыннан өткізілді. Талдықорғанның «Жетісуі» Павлодардың «Ертіс-Қазхромын» қос кездесуде де қапы қалдырды. Алғашқы матчта 3:1 (19:25, 25:23, 25:20, 25:22) есебі тіркелсе, келесі бәсекеде дәл сондай нәтижемен аяқталды – 3:1 (25:14,16:25,27:25,25:17).  

Келесі жартылай финалдық сайыста Өскеменнің «Алтайы» өзінің ізбассарларын, яғни «Алтай-2» клубын еш қиналмай ұтты. Бұл ойындарда 3:0 (25:13, 25:22, 25:16) және 3:1 (27:25,20:25,25:14,25:16) есептері тіркелді. 

Осылайша, алдағы күндері «Алтай» мен «Жетісу» бас жүлде үшін таласады. Ал қола медаль үшін тартыс «Ертіс-Қазхром» мен «Алтай-2» командалары арасында өтеді.