• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 04 Сәуір, 2019

Премьер-Министр А. Мамин америкалық ірі ауыл шаруашылығы компанияларының басшыларымен кездесу өткізді

658 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин ірі америкалық ауыл шаруашылығы компанияларының басшылары: Tyson Foods президенті С. Стоуффермен, Valmont Irrigation президенті М. Леонардпен, AGCO вице-президенті Т. Уилкимен кездесу өткізді.

Кездесуде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы АҚШ-қа ресми сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру аясында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Бүгінде қуаттылығы ауысымына 2000 басқа дейін ірі қара мал басын құрайтын ет өңдеу комбинатын, мал бордақылау орталықтарын, балық шаруашылығы кешенін, агробизнеспаркті, ирригациялық жүйелер өндіретін зауытты салу бойынша жаңа бірлескен жобаларды іске асыру пысықталып жатыр. Барлық жобалар әлемдік стандарттарға сай келетін озық технологиялармен жабдықталатын болады.

Компаниялардың өкілдері Қазақстанның агроөнеркәсіптік саласындағы ілгерілеуді атап өтіп, бірлескен өндірістердің зор әлеуеті барын айтты. Қазақстанның географиялық жағынан тиімді орналасуы компаниялар алдында жаңа өткізу нарықтарын ашып отыр, оның ішінде ЕАЭО, Орталық Азия елдері және ҚХР бар.

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин, өз кезегінде, Қазақстан Үкіметінің агроөнеркәсіптік сектордағы қазақстандық-америкалық ынтымақтастыққа жан-жақты қолдау көрсететінін хабарлады.

Кездесуге ҚР-дағы АҚШ елшісі У. Мозер, АҚШ-тағы ҚР елшісі Е. Қазыханов, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров және т.б. қатысты.