• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
05 Сәуір, 2019

Регбиден әйелдер командасы ширек финалда Бразилияға есе жіберді

687 рет
көрсетілді

Гонконгта өтіп жатқан регби-7 спортынан әлемдік лигаға іріктеу сынында Қазақстан командасы жарысты аяқтады деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан командасы топтық кезеңдегі үш кездесудің екеуінде жеңіліп, ширек финалға жолдама алған болатын. 

Өкінішке қарай, Рио Олимпиадасының қатысушысы саналатын Бразилия құрамасы біздің команда үшін алынбас қамалға айналды. Қазақстандықтар бүгін 5:21 есебімен қарсыластарына жол беріп, іріктеу сынын аяқтады. 

Команда бас бапкерінің айтуынша, ұлттық құраманың алдындағы негізгі міндет - Олимпиада ойындарына жолдама алу.