Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбеков мәлімдеді.
- Жол ережесі талаптарын сақтамаған жүргізушілердің қатары тіптен көп. Өткен 3 ай көлемінде тәртіп сақшылары үш мыңға жуық автокөлік иесіне әкімшілік хаттама толтырған. Жолда жүрудің тәртібін жаяу жүргіншілер де жиі бұзады. Соның салдарынан адам өміріне қауіп төніп, қайғылы жағдаймен аяқталған мысалдар жеткілікті, - дейді Нұрлан Алмасбеков.
Жол-көлік оқиғаларының басты себептерін саралаған полицейлер қайғылы жағдайға жеткізетін негізгі фактор ретінде көлік тізгіндеушілердің жылдамдық режимін сақтамауы, қозғалыстың қарсы бағытына шығуы және жаяу жүргіншілердің ереже бұзуын атады.
Қазір тәртіп сақшылары облысы аумағында «Жол қауіпсіздігі» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде. Сондай-ақ, «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы аясында да күре жолдағы қауіпсіздік шараларына қатысты түсіндіру жұмыстары басталды.
Алматы облысы