• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Сәуір, 2019

Қостанай облысында ауылдық округтер өз кірісімен өзін қамтамасыз ете алмайды

963 рет
көрсетілді

Өткен жылы 1 қаңтардан бастап облыста халқының саны 2 мың адамнан аса 45 ауылдық округінде мемлекеттік бюджеттің төртінші деңгейі ретінде жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджеті енгізілген болатын. 2020 жылы қалған 195 ауылдық округты да дербес бюджетке көшіру белгіленген.

 Жергілікті өзін өзі басқару бюджетінің бір жылдық тәжірибесінен ауылдық округтер дербес бюджетінің проблемалары мен кемшіліктері анық көрінді. Бұл туралы облыстағы барлық деңгейдегі әкімдердің кеңейтілген кеңесінде кеңінен сөз болды. 

Жергілікті өзін-өзі басқарудың жеке кірістерінің жетіспеушілігі жыл бойы аудандық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен өтелген. 2018 жылы аудандық бюджеттерден бөлінген трансферттер жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджет түсімдерінің жалпы көлемін 71,7 процентке қалыптастырды.

Облыстық қаржы басқармасының басшысы Алма Жүсіпова облыс өңіріндегі былтыр дербес іске кіріскен 45 ауылдық бюджет субвенциялықболғанын, яғни осы кезде аудандық бюджеттен ауылдық бюджеттердің қаржылық тәуелділігі жойылмағанын, демек жергілікті жерлерде жеке салықтар жинауды ұлғайтуға және салық салынатын базаларды кеңейтуге тиісті талаптанудың кемшіндігін баяндады. 

«Ауылдық округтердің аудандық бюджетке қаржылай тәуелділігі әр түрлі. Мысалы Әулиекөл ауылының аудандық бюджеттен алғаны 0,6 процент ғана, оның есесіне Науырзым ауданының Қарамеңді ауылдық округінің көрсеткіші 89 проценттен асып, аудандық бюджетке алаңсыз сүйеніп отырған. Ауыл әкімдеріне айыппұлдың 18 түрі бойынша қаржы түсіруге өкілдік берілді. Бірақ қаржы негізінен негізінен әркімнің жеке табыс салығы мен көлікке салынатын салықтан ғана түскен» деді Алма Жүсіпова. 

Бюджетке жергілікті өзін өзі басқаруға көшкен 45 ауылдық округтен 1,3 млрд теңге түсім түскен. Обалына не керек, бұл бұрнағы жылдарғы көрсеткіштерге қарағанда 15 процентке жоғары. Бірақ ауылдық округтердің жаратқан шығыны 4,5млрд. теңгені құраған, айырмашылығы үш есе.

 Қостанай ауданының орталығы Затобол кентінен, Жітіқара қаласынан, Федоров, Әулиекөл, Қарабалық, Сарыкөл аудандарының өздері аттас орталықтарынан табыс жақсы кірген. Бірақ бұлар саусақпен санаулы ғана, оның есесіне 45 ауылдық округтердің басым көпшілігінің табысы мардымсыз. 

Облыс әкімі Архимед өткен жылы барлық деңгейдегі әкімдердің кеңейтілген кеңесінде қаржылай дербестігін алып отырған 45 ауылдық округ әкімдеріне жұмысты қатты тапсырған болатын. Биылғы бір жыл ішінде жүргізілген жұмысқа көңілі толмаған өңір басшысы жергілікті жерде жұмысты ұйымдастыра алмаған көптеген ауыл әкімдерінің аттарын атап, оларға сөгіс беруді  аудан әкімдеріне тапсырды. Ал Әулиекөл ауданындағы Диев ауылдық округінің әкімі Жанай Алтынсаринді ауылдық округ халқының санына жинаған түсімі сәйкес келмегенін, жергілікті әкім тарпынан ешқандай талаптың болмағанын айтып, аудан әкіміне оны жұмыстан босатып, орнына іскер адамды қоюды тапсырды. 

Қостанай